Өзбекстанның Самарқанд қаласында жалауы желбіреген «Челленджер» турнирінде қазақстандық теннисші Дмитрий Попко үшінші кезеңге шықты.
Тұсаукесер кездесуде ол австралиялық Якоб Грилстен басым түскен еді. 1 сағат 47 минутке созылған осы сайыс 6:3, 7:6 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде жерлесіміз беларуссиялық Евгений Герасимовтан айласы асырды. 1 сағат 25 минутке созылған бұл бәсекеде 6:3, 7:6 есебі тіркелді. Үшінші айналымда Дмитрий Попко үндістандық Сумита Галлмен күш сынасады.
Естеріңізге сала кетейік, Самарқандтағы турнирде Қазақстанның бір топ теннисшісі бақ сынауда. Алғашқы айналымда Андрей Голубев сүрінсе, санаулы сағаттардан кейін Денис Евсеев өзінің екінші кездесуін өткізеді.