• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Мамыр, 2019

Әлеуметтік орталық ашылды

1546 рет
көрсетілді

Алматы қаласында жағдайы төмен отбасыларды тегін киім-кешекпен қамтитын әлеуметтік дүкен ашылды. Аталған дүкен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған.

Шаһардағы «Айнабұлақ» шағын ауданындағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан әлеуметтік орталық апта бойы таңғы 9.00-ден кешке дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Мұнда жаңа туған сәбилерден бастап қарт адамдарға арналған түрлі киім-кешектердің, ойыншық және гигиеналық заттардың түр-түрін табуға болады. Қайырымдылық мақсаттағы игі бастаманы әкімдік қызметкерлерімен қатар кәсіпкерлер мен еріктілер қауымы қолға алған. Мейірімді жандардан жиналған киімдер іріктеліп, арнайы тазалаудан өткеннен кейін ғана дүкен сөресіне қойылады.

«Бұл іске бастапқыда тұр­ғындардың өздері атса­лыс­қан, бір жағынан мемлекет көмектессе, екінші жағынан қоғам да қамқорлығын көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, киім жинау, оны іріктеп, жақсыларын мұқтаж жандарға таратып беру секілді жұмыстар атқарылуда. Осы жұмыстардың негізінде әлеуметтік дүкенді ашып отырмыз. Мұқтаж жандар келіп, бұл жерден өзіне қажеттісін алып кете алады. Сондай-ақ бұл әлеуметтік дүкенге іске жарамды заттарды көмек ретінде өткізуге болады», дейді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вячеслав Вавилин.

 

АЛМАТЫ