Бірінші уәзір патшасын разы қылмаққа бекініп жемістің ең жақсы уылжып піскенін жинайды. Екінші уәзір «патша жеміс-жидекті өзі үшін тергізіп жатқан жоқ болар, оны тексеріп әуреленіп жатпайды-ау» деп топшылайды да қолына ілінгенді себетке тоғыта береді. Үшінші уәзір «осы жеміс-жидекті патша өзі жейді деймісің?» деп себетке шөп-шалам араласқан сапасыз өнімді толтырып алып келіпті.
Келесі күні патша үш уәзірді де қолдарындағы себет толы жемістерімен бірге үш айға бөлек-бөлек түрмеге қамауға бұйрық шығарады. Оларға сырттан су, тамақ кіргізуге тыйым салады.
Алғашқы уәзір өзінің терген жемісінің қызығын өзі көріп, үш айды алаңсыз өткізеді. Екінші уәзір қабын ақтарып, жеуге жарамдысын әзер тауып қатты қиналады. Үшінші уәзір бір айға жетпей аштан қатқан екен.
Біз бұл мысалдан не түсінеміз: зынданға түскен уәзірлер өздері терген жемісімен күнелткені сияқты біз де ертең тәңір алдына барғанда, тіріде нендей сауап жинап, жақсылық жасадық, өзіміздің қабымызды немен толтырдық, соған сай ілтипатқа ие боламыз.
Біздің не істеп, не қойып жүргенімізді ортамыз, ата-ана, туыс-туғанымыз, әріптес достарымыз білмеуі мүмкін. Алайда, Алладан жасырын ештеңе жоқ. Жоғарыдағы мысалда келтірілгендей, біз қазір «Дүние» дейтін алып бақтың ішінде жүрміз. Жақсы істер атқарып, жаман әдеттерден қашып, «дүние»-бақтағы игіліктерді теріп алуға толық мүмкіндік берілуде. Пенде баласы, қабыңыздың ішін қалай толтырып жүрсіз, оған да бір қарап қойыңыз!!!