• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2013

Құтыру – өлімге әкелетін аса қауіпті жұқпалы ауру

1139 рет
көрсетілді

Құтыру – өлімге әкелетін аса қауіпті жұқпалы ауру

Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:20

Тараз қаласында Ден­сау­лық сақ­тау министрлігі Мем­­ле­­кет­тік сан­эпидқадағалау ко­ми­те­­­ті­нің Жамбыл облысы бойынша де­партаментінің ұй­ым­дас­­­­­­­ты­руымен «Құтыру індетінің клиникасы, диагностикасы және алдын алу шаралары» атты облыстық семинар өткізілді. Оның барысында құтыру індетінің алдын алуға қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды.

Құтыру індеті – жедел вирусты аурулардың ең қатерлісінің бірі.Жамбыл облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Мұхтар Сер­жановтың айтуынша, 2006-2010 жылдарда Қазақстанда 39 науқас құтыру індетінен қайтыс болған. Олардың дені ересек адамдар. Ал, 2012 жылы Тараз қаласында бір адамның құтырудан қайтыс болғаны тіркелген.Жоғарыда атқанымыздай, құ­тыру – жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті инфекциялық ауру. Ол адамға ауру жануар тіс­тегенде, тырнағанда немесе жа­рақаттанған жерге сілекейі тигенде жұғады. Бұл қауіпті індетпен күресу үшін, індет көзі болып табылатын аңдарды жою және үй жануарларына уақытылы құтыруға қарсы профилактикалық егу жасату керек. Семинарға қатысушылар осы жағын ескерте отырып, 2011 жылы Жамбыл облысы бойынша құтырумен ауыратын 75 ірі қара мал анықталғанын еске салды. Оның 45 пайызы Мойынқұм ауданына тиесілі. Мұнда түлкі, қасқыр өлекселері табылған, мінезі өзгерген аңдар анықталған болатын. Құтыру терапиясының тиімді әдісі әлі жоқ. Сондық­тан, бұл аурудан арашалап қалатын жалғыз жол – құтыруға қарсы емдеу-профилактикалық егу шаралары. 2011 жылы 1578 адамға құтыруға қарсы егу жасалса, 2012 жылы 1665 адам осы мүмкіндікті пайдаланған. «Құтырудың болжамы жағымсыз. Құтырудан толық жазылу туралы мәліметтер жоқ», – дейді №1 қалалық ауруханасының жарақат бөлімінің меңгерушісі Олег Шаюнусов. Кез келген жануар тістегенде не тырнағанда, мін­детті түрде дәрігерге қаралу керек. Егер жануар ауру болса, әр минуттың өзі шешуші рөл атқарады.

Толқын ӨМІРБАЕВА,Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығының жетекшісі.