Жұма, 1 наурыз 2013 7:15
Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғалы тура 18 жыл болып қалыпты. Әлемде теңдесі жоқ бұл институт өз құрамына қазіргі таңда 820-дан астам этномәдени бірлестіктің басын біріктіріп, елімізде азаматтық қоғам мен мемлекет мүмкіндіктерін жұмылдыратын қоғамдық келісімнің басты тетігіне айналып отыр. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этностық немесе діни белгісіне қарамастан Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтар мен бостандықтарды толығымен иеленетін және пайдаланатын, әрбір азаматтың өзіндік ерекшелігін дамытуға мүмкіндік жасайды.
Жұма, 1 наурыз 2013 7:15
Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғалы тура 18 жыл болып қалыпты. Әлемде теңдесі жоқ бұл институт өз құрамына қазіргі таңда 820-дан астам этномәдени бірлестіктің басын біріктіріп, елімізде азаматтық қоғам мен мемлекет мүмкіндіктерін жұмылдыратын қоғамдық келісімнің басты тетігіне айналып отыр. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этностық немесе діни белгісіне қарамастан Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтар мен бостандықтарды толығымен иеленетін және пайдаланатын, әрбір азаматтың өзіндік ерекшелігін дамытуға мүмкіндік жасайды. Республикамыздағы әрбір этнос – қоғамның маңызды әрі жарасымды бөлігі болып табылады. Сондықтан да олардың мәдениеті мен тілін, дәстүрін одан әрі ілгерілетуге қажетті жағдайдың бәрі бар. Мәселен, 72 жалпы білім беретін ұлттық мектепте оқыту этнос тілдерінде жүргізілсе, ал 143 мектепте аралас білім беріледі. 195 этно-ағарту кешендері мен лингвистикалық мектептер ашылған. 14 орыс және ұйғыр, кәріс, неміс (ТМД-да жалғыз), өзбек ұлттық театрлары жұмыс істеуде.
Республикада Ассамблеяның көпфункциялы ресурстық орталықтары ретінде 10 Достық үйі, Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайы қызмет атқаруда. 35 этностық БАҚ (11 тілде) жарық көруде, ҚХА жанынан журналистер мен сарапшылар клубы құрылды. Соның ішінде Қазақстанда тұратын түрік этносының «Ахыска» этномәдени орталығы да қызметін ойдағыдай атқарып отыр. Ел аумағының барлық өңірлерінде филиалдары бар. «Ахыска» газеті 3 тілде жарық көреді. Алматы облысында біздің орталық тарапынан әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы бойынша 1 жаңа орта мектеп ашылып, әл-ауқаты төмен балаларға талапқа сәйкес орта білім берілуде. Елбасымыздың алдымызға қойған мемлекеттік тілді меңгеру тапсырмасы аясында толыққанды жұмыс атқарудамыз. Қазақстан түріктерінің 80%-ы мемлекеттік тілді еркін біледі. Қазақстандық патриотизмді әрбір азаматқа жеткізу, осы бағытта тәлім-тәрбие беру біздің бірлестігіміздің басты мақсаттарының бірі екендігі анық. Елімізде тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің үнемі сақталуына атсалысып, қоғамда береке-бірліктің нығаюына үлесімізді қоса бермекпіз. Бұл – біздің азаматтық парызымыз.
Әскер ПИРИЕВ,
Астана қаласы «Ахыска» түрік этномәдени
қоғамдық бірлестігінің төрағасы.