Мемлекет басшысына Жамбыл облысының орталығындағы халықаралық әуежайдың еліміздегі жаңа, қазіргі заманға сай әуе айлақтардың бірі екені баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президентіне әуежайдың әлеуеті артып, жаңадан халықаралық және аймақтық бағыттар ашу жоспарланып жатқаны жайлы мәлімет берілді.
250-ге жуық қызметкер жұмыс істейтін әуежай, былтыр 63 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен.