• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Маусым, 2019

Ауыз сумен қамту ісінде нәтиже керек

1323 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен қамту және су бұру мәселелері қаралды.
68 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесі жақсарады

Үкімет отырысында Ин­дус­трия және инфрақұры­лым­дық даму министрі Роман Скляр, Ауыл ша­руа­шылығы министрі Сапархан Омаров халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде баяндады. Сондай-ақ Алматы облысының әкімі Аман­дық Баталов, Қызылорда облы­сының әкімі Қырымбек Көшербаев, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов және Қарағанды об­лысының әкімі Ерлан Қошановтың баяндамалары тыңдалды.

Индустрия және инфрақұры­лымдық даму министрі Р.Скляр­дың айтуынша, республика дең­гейіндегі 18,4 млн адамның 90,2%-ы немесе 16,5 млн адам орталықтандырылған сумен жаб­дықталған. Қалалардағы тұрмыс сапасын арттыру үшін биыл осы көрсеткішті 97%-ға дейін, ал 2023 жылы 100%-ға дейін арттыру жоспарланған.

Ауылдарда орталықтанды­рыл­ған сумен 6,5 млн адам немесе 84%-дан астамы қамтылған. Бұл ретте басқа ауыл­дар ауыз су үшін жергілікті су көз­дерін пайдаланады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­­нистр­­лігі биылғы көрсеткішті 88%-ға дейін жеткізуді және 2023 жы­лы ха­лық­тың 100%-ын тиісті инфра­құры­лым­­мен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

− Халқының саны 200 адам­нан аз шағын ауылдарды сани­тарлық нормаларға сәйкес келе­тін ауыз сумен қамтамасыз ету мақ­сатында суды тазартатын ке­шен­ді блок-модульдер орнату жос­­парланған, бұл 1 333 ауылды сумен қамтуға мүмкіндік береді. Ал тұрғындары 200 адамнан көп 1 274 ауыл орталықтандырыл­ған сумен қамтылатын болады. Осылайша 2 607 ауылда тұра­тын 1,2 млн адам санитарлық нор­маларға сай келетін сумен қамту қызметімен қамтамасыз етіледі, – деді Р.Скляр. 

Ауыл шаруашылығы ми­нистрі С.Омаров өз кезегінде өңір­лер­ді дамытудың 2020 жыл­ға дейінгі мем­лекеттік бағдар­ла­масы шең­берін­де топтық су құбырларын пайдалану, салу және реконструкциялау «Қазсушар» республикалық мем­­ле­кеттік кә­сіп­орнына жүк­тел­генін баяндады, бұл кәсіп­орын теңгерімінде ұзын­дығы 12 мың шақырымнан аса­тын 33 топтық су құбыры бар. – 2011-2018 жылдары 1 035 ш­­а­қырым желі салынып, 1 441 шақы­рым желі реконструкция­ланды, бұл 49 объектіні пайдалануға беруге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде ха­лық саны 553 мың адамды құ­рай­тын 268 ауылдық елді ме­кен­­де сумен жабдықтау жағ­дайы жақсартылды. Жал­пы топ­­тық су құбырларындағы желі­­лердің тозу деңгейі 75%-дан 56%-ға дейін қысқарды, – деді С.Омаров. Белгілі болғандай қа­зіргі уақытта 2 281 шақырым желі­н­і реконструкциялау қажет. 

Бұдан өзге, тапсырыс беру­шінің барлық топтық су құбыр­ларын және олармен жалғас­қан ауылдардағы кент ішіндегі желі­лерді салу мен реконструкциялау функциясы бірыңғай опе­ратор­ға бекітіп берілмек. Со­ның нәти­жесін­де суды жеткізу оны топтық су құбырларынан субси­дияланған тарифпен сатып алып, халыққа үстеме құнмен сататын делдалдарды болдырмай, сумен жабдықтау көзінен бастап түп­кілікті тұтынушыға дейін көр­сетілетін болады.

Өңірлерді ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырылды

Мәселені қарау барысында сумен жабдықтау және су тарту секторына белсенді түр­де қа­ты­сатын ұйымдардың өкіл­дері сөз сөйледі. Шымкент қала­сын­­дағы «Су ресурстары – мар­ке­тинг» ЖШС жеке су арна­сы­­ның қадағалаушы кеңесінің төр­аға­сы А.Орман халықаралық қар­жы ұйымдары салған инвес­ти­циялардың нәтижесінде азамат­тарға ұсынылатын қызметтер­дің сапасы артқанын айтты. 2010 жылдан бастап 2 МВт бойынша күн және су қуаты стансалары салынып, пайдалануға берілді, 947 шақырым сумен жаб­дықтау желісі және 67 шақырым кәріз желісі реконструкциялан­ды. Цифр­лы технологияларды қол­дану арқылы ауыз суды өн­діру және тасымалдау тәсілдері жаң­ғыр­тылды. Бүгінде тазарту ны­сан­дары автоматты режімде бас­­қарылады. Жиында Еуропа қайта құру және даму банкі өкілдігінің ди­рек­торы Агрис Прейманис ТКШ секторы аталған банк жұ­мысы­ның басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ел өңір­лерінде іске асырылып жатқан сумен жабдық­тау және су тарту сект­орына 30 млрд-тан ас­там теңге и­нвес­тиция­­лан­ды. Бір­ле­сіп атқарған жұ­­мыс­тың нәти­же­сінде ауыз су сапа­сы жақ­­сар­тыл­ды, су беру көле­мі ұл­ғай­­тыл­ды, шығындар төмендетілді, жет­­кізілген суды есепке алу пайызы артты.

Жиында белгілі болғандай, Алматы және Қызылорда облыс­тарында ауылдарды ауыз сумен қам­ту мәселелері әлі күнге өзек­ті бо­­лып отыр. Үкімет басшысы тара­пы­­нан Жамбыл, Қостанай және Пав­­лодар облыстарының әкім­дік­теріне аталған бағыттағы жұмыс­ты жан­дандырып, ауылдарды сумен тұрақты түрде қам­тамасыз ету шараларын кү­шейту тапсырылды.

− Әкімдіктер атқарып отыр­ған жұмыстың нәтижесі халық­тың таза ауыз суға қол­жетім­­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз етумен анық­­талды, – деген А.Мамин ауылдық, топ­тық су та­рат­­­қыш­тарды жақсарту мақ­­­са­тын­да осы функцияларды Ауыл шаруа­­­шы­лығы министрлігіне өт­кізу мә­­се­лесін пысықтауды тапсырды. Со­нымен қатар алдағы төрт жыл­­­да қалалар мен ауылдарды су­­­мен жабдықтаумен жүз пайыз қам­­та­­масыз ету мақсатында өңір­­лік жос­­парларға түзетулер ен­гізіп, барлық сумен қамту нысан­да­рын пайдалануға беру шараларын қабыл­дауды тапсырды.

– Қалаларда кәріздік тазарту нысандарын (КТН) салу және жаңғырту жұмыстарын жеделдетуге жекелей көңіл бөлінді. Бұл бағытта КТН жобаларының инвес­ти­циялық тартымдылығын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көптеген халықаралық қаржы инс­титуттары осыған ұқсас жобаларды қаржыландыруға қызығушылық танытуда, – деді Үкімет басшысы. 

Премьер-Министр халық­ара­­лық тәжірибені ескере оты­рып, мем­­лекеттік-жекеше­лік әріп­тес­тік ая­­­сында қаржылан­дыру тетік­терін пысықтауды тапсырды.

– Елбасының Қауіпсіздік кеңе­сінің отырысында азаматтар­дың тұрмыс сапасын, қолайлылы­ғын жақсарту, қала немесе ауыл­дық жер екеніне қарамастан, ха­лық­ты сапалы ауыз сумен қамту және сумен жабдықтау бойынша алға қойған міндетін орындау қажет, − деді А.Мамин.