• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2019

Ойыншықтар ой салады

1684 рет
көрсетілді

Балалардың ойыншығы – өмірдің кішірейтілген нұсқадағы көрінісі іспетті. Өйткені олар ұлттық дәстүр мен географиялық ерекшеліктерді бейнелейді. Тіпті ойыншықтарды кез келген мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі деп те сеніммен айтуға болады.

Кеншілер астанасын­да­ғы облыстық тарихи-өл­­кетану мұражайында өт­­кен «Мұражайдағы ой­ын­­шықтар әлемі» атты көр­менің ашылуы ба­рысында шараны ұйым­дас­тырушылар осындай пікірлерді алға тартты.

Мұражайдың ғылыми қыз­­меткері Динара Са­­қымбай ойыншықтарды таңдаудың зор жауап­кер­шілікті талап ететінін айтады. Онымен баланы қы­зық­тырып, алдарқатып қа­на қою аздық етеді екен. Мысалы, ойыншықтар ба­­лалардың әлем туралы тү­сінігін бұрмаламай, ке­рі­сінше оны дамытып, жан дү­ниесін байытуы тиіс.

– Ең көне ойыншық­тардың бірі – қуыршақ. Көр­меге кеңес дәуіріндегі және 90-жылдардың ба­сын­дағы ойыншықтар қойыл­ды, – дейді ғылыми қыз­меткер.

Көрмеде мұражай қыз­меткерлері әр жылдары жи­наған 115 ойыншық ке­лушілер назарына ұсы­нылды. Олардың ішіндегі ең көнесі – емен ағашының жоңқасымен толтырылған 1964 жылғы пүліш аю болып шықты.

Ойыншықтардың басым бөлігін белгілі бір оқи­ғаларға орай жасал­ған­дары құрайды. Мысалы, 1980 жы­лы Мәскеуде өткен Олим­пиада додасы және бас­қа да айтулы даталар та­қы­рыбына арналған ой­ын­шықтар көзге бірден түсіп, назарды еріксіз аударады.

Сонымен қатар көр­ме­де өткен ғасырдың 80- жыл­­дары облыстағы Оса­каровка жиһаз фабрикасында ағаштан жасалған ой­ыншықтар – «Чайка» ті­гін машиналарының мо­дель­дері, жүк көліктері, бал­дыр­ғандардың жиһаз­дары келушілерге кә­дім­гідей ой салып, кешегі та­рихқа баланың көзімен үңі­луге жетелейді. Қиялдың қанатына міндіріп, балалық балдәурен шақтың сиқырлы әлеміне саяхаттап қайтуға шақырады.

 

ҚАРАҒАНДЫ