Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 7:20
КХДР АҚШ-ты «жермен-жексен етті»Солтүстік Кореяның мемлекеттік порталы насихат бейнеролигін жариялады. Онда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласын елестететін мегаполиске «зымырандық соққы беру» салдары көрсетіледі. Бейнежазба Кореяның Жер шарын айналып ұшатын ғарыш кемесінің бортынан жасалған соққыны көлденең тартады.
Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 7:20
КХДР АҚШ-ты «жермен-жексен етті»Солтүстік Кореяның мемлекеттік порталы насихат бейнеролигін жариялады. Онда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласын елестететін мегаполиске «зымырандық соққы беру» салдары көрсетіледі. Бейнежазба Кореяның Жер шарын айналып ұшатын ғарыш кемесінің бортынан жасалған соққыны көлденең тартады.
Роликтегі ұшырылым 2012 жылдың 12 желтоқсанында Солтүстік Кореяның спутнигін орбитаға шығарған «Ынха-3» зымыранының көмегімен жүзеге асырылған-мыс. Ал, бейнероликте АҚШ-тың аса ірі шаһарының соққыдан кейінгі күлі көкке ұшқан үйіндісі бүге-шігесіне дейін айқын көрсетілген. Халықаралық қоғамдастық болса, КХДР ядролық сынақ жасауға дайындалып жатыр-ау деп қауіптенеді.
Жаңа зымыранның құны қанша?Ресейдің «Энергия» зымырандық-ғарыштық корпорациясы жаңа көлік ғарыш кемесінің экономикалық параметрлерін белгіледі. Оның құны 160 млрд. рубльге тең. Бас конструктордың орынбасары Александр Деречиннің сөзіне қарағанда, ғарыш кемесі «Энергия-Буран» жобасымен пара-пар және Халықаралық ғарыш стансасына ұшып жүрген «Союз» аппараттарын алмастырады.Жаңа ғарыш кемесі орбитаға шығып қана қоймай, Айға да ұша алатын болады. Бұл жерде оны АҚШ-тың өзі тектес Orion oт Lockheed Martin ғарыш кемесімен салыстыруға болады. Бірақ, Orion-ның планетааралық ұшырылымдарға арналған артықшылықтары бар екенін де айта кеткен жөн. Ал, Ресейдің жаңа кемесі 2017 жылы сынақтан өткізілуі мүмкін делініп отыр.
Қашқандардың дені қайта оралдыҚырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың мемлекеттік резиденциясын күзететін 39 солдат күзет орындарын тастап кеткен болатын. Араға бір күн салып олардың 22-сі әскери бөлімдеріне қайта оралған. Әскери қызметшілердің жаппай қашуына байланысты Қырғызстан ІІМ қызметтік тексеру бастаса, қалған қашқындардың қайда екендері анықталу үстінде.Солдаттардың әскери бөлімдерді тастап қашқандары туралы ақпарат ІІМ-ге 4 ақпан күні белгілі болады. Бөлім басшылығы бір тәулік бойы қашқындарды өз күштерімен іздеп табуға тырысып, ешқайда хабарламайды. Ал солдаттар мемлекеттік резиденцияны нарядқа түскен кезде тастап қашып кеткен. Қашқындардың барлығы алдағы көктемде демобилизацияға шығатындар екен. Енді олардың дер кезінде үйлеріне қайтуы екіталай.
Қысқа қайырып айтқанда:
*Америкалық сенатор Джон Маккейн Иран президенті Махмұд Ахмадинежадты оның ғарышқа ұшу ниеті бар екені туралы мәлімдемесіне орай маймыл деп атады. Өйткені, өткен аптада ғарышқа Ираннан маймыл барып қайтқан еді. l Үндістан үстіміздегі жылы Ресейден жеті палубалық жойғыш ұшақтарын алады. Бұл 2004 жылы екі ел арасында қол қойылған алғашқы келісім-шарт шеңберіндегі 16 ұшақтың соңғылары. Ал, екінші келісім-шарт бойынша жалпы құны 1,5 млрд. долларлық 29 ұшақ сату жүзеге аспақ.*АҚШ-тың Алабама штатында 5 жасар баланы кепіл ретінде ұстаған 65 жастағы Джимми Ли Дайкес есімді біреу атып өлтіріліп, сәби босатып алынды. Оған ешқандай зардап тимеген. Дайкес Вьетнам соғысының ардагері көрінеді.* Ирак соғысында мергендігімен танылып, өлім шашқан техастық Крис Кайлды қарсыластары «Шайтан» деп атаған екен. Ол 160 ирандықты оққа байласа керек. Бұл – ресми мәлімет. Ал ресми емес есеп 200-ден асып жығылады. Өткен сенбі күні мерген бұрынғы қарулас жолдасының қолынан қаза тапқан. Оның не үшін атып өлтірілгені әзірше белгісіз.
Оппозицияшылар тұтқындалдыӘзербайжанда тәртіпсіздіктермен байланысты екі оппозициялық партияның өкілдері тұтқындалды. Баку қаласындағы Насимин аудандық сотының шешімі бойынша «Мусават» партиясы төрағасының орынбасары Тофиг Ягублу мен REAL қозғалысының төрағасы Ильгар Мамедов қамауға алынды.Тұтқындалғандарға қоғамдық тәртіпті бұзды, билік өкілдеріне қарсылық көрсетті деген баптар бойынша айып тағылған. Ал, тәртіпсіздіктерге Баку тұрғыны, «Чыраг» қонақ үйінің директоры, аудан әкімшілігі басшысының немере інісі, еңбек министрі Вугар Алекперовтің ұлы Эмиль Шамсаддиновтің «қызу» күйде жол-көлік апатын жасап қана қоймай, екінші көліктің жүргізушісін соққыға жыққаны, бірақ ешқандай жаза алмағаны себеп болыпты.
Зорлықшыларға ісіне сай жазаҮндістан президенті Пранаб Мукерджи әйелдерге қатысты зорлық жасағандары үшін қолданылатын ең ауыр жаза – өлім жазасын мақұлдады. Мемлекет басшысының бұл шешімін алты апта ішінде парламент мақұлдауы тиіс. Содан кейін-ақ бұл заң күшіне енеді. Жаңартылған заңға сәйкес зорлықшыл кем дегенде 7 жыл түрмеге қамалады немесе өлім жазасына кесіледі.Үндістан басшылығы мұндай қадамға өткен жылдың соңында 23 жастағы студент қыз зорланғаннан кейін барып отырған сыңайлы. Оған автобус салонында 6 еркек зорлық көрсетсе, араға 13 күн салып алған жарақаттарынан ол көз жұмған болатын. Студент қыздың өлімі Делиде ғана емес, бүкіл Үндістан аумағында үлкен наразылық туындатқан еді.
Сыйақыны қайтарудан бас тарттыАтақты америкалық велошабандоз Лэнс Армстронгтің допинг қолданғаны үшін барлық атақтарынан айырылғаны белгілі. Енді ол «Тур де Франс» көпкүндігіндегі жеті жеңісі үшін алған 12 млн. доллар сыйақыны қайтарудан бас тартып отыр.Л.Армстронг аса беделді көпкүндікті 1999 – 2005 жылдар аралығында қатарынан жеті мәрте жеңіп алған болатын. Алайда, ол үстіміздегі жылдың қаңтарында сол жылдардың бәрінде тыйым салынған препараттар қолданғанын мойындаған еді. Көпкүндікті ұйымдастыру комитетінің басшысы Кристиан Прюдомм шабандоз сыйақы ретінде алған барлық ақшаны қайтаруы керек десе, Армстронгтің адвокаты дисквалификацияланған спортшылардың сыйақыларды ешқашан қайтармайтынын көлденең тартады.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.