Нұрсұлтан Назарбаев Хорватия Республикасының бұрынғы президенті Степан Месичпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі.
Кездесуде Елбасы мәртебелі мейманға қошемет білдіріп, алдағы президент сайлауына тәуелсіз байқаушы ретінде келгені үшін алғыс айтты.
– Сайлауға байқаушы ретінде келгеніңіз үшін рахмет. Сіз бұған дейінгі сайлау науқанына да қатысып, жұмысымызды жоғары бағалаған едіңіз. Сізге деген ризашылығым зор, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.