• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2013

рмяндар Серж Саргсянды таңдады. Неге?

269 рет
көрсетілді

рмяндар Серж Саргсянды таңдады. Неге?

Жұма, 22 ақпан 2013 7:02

Арменияда сайлау өтті. Халық қазіргі президент Серж Саргсянның ұстаған бағытын қолдады. Сайлауға қатысқандардың 58,6 пайызы оны жақтап дауыс берді.

Бірінші тур болғандықтан да мұны жоғары көрсеткіш деп ба­ғалаған жөн. Бұл елде саяси партия­лар, топтар жеткілікті. Халықтың саяси белсенділігі де айтарлықтай жоғары. Бұл сайлауды Серж Саргсянның алғашқы мерзімдегі жұмысына баға деп қабылдауға болғандай.

Жұма, 22 ақпан 2013 7:02

Арменияда сайлау өтті. Халық қазіргі президент Серж Саргсянның ұстаған бағытын қолдады. Сайлауға қатысқандардың 58,6 пайызы оны жақтап дауыс берді.

Бірінші тур болғандықтан да мұны жоғары көрсеткіш деп ба­ғалаған жөн. Бұл елде саяси партия­лар, топтар жеткілікті. Халықтың саяси белсенділігі де айтарлықтай жоғары. Бұл сайлауды Серж Саргсянның алғашқы мерзімдегі жұмысына баға деп қабылдауға болғандай.

Сірә, осындай жағдайды аңғарған біраз саясаткерлер, оған белгілі дәрежеде бәсекелес болғандай бір­неше беделді қайраткерлер күні бұрын сайлауға қатысудан бас тартты. Бұл ретте бұрынғы президент Левон Тер-Петросян, «Өркендеген Армения» партиясының көсемі, бизнесмен Г.Царукянды айтуға болар еді. Ал күреске қосылғандар арасынан, әртүрлі, тіпті экзотикалық мінезді адамды да кездестіресің. Сол мінездерін көрсетіп, күлкі тудыр­ғандары да болды. Сөйтіп, алғашқы 15 үміткерден соңғы күреске 7 адам шықты.Олардың ішінде бұрынғы лауазымы жоғарылауы экс-премьер Гранд Багратян болса, айқайы күш­­­тілеуі бұрынғы сыртқы істер министрінің орынбасары Раффи Ованесян еді. «Ұлттық өзін өзі айқындау» бірлестігі партиясының көсемі Паруйр Айрикян, Таудағы Қарабақтың сыртқы істер министрі болған Арман Меликян, саясаткер Андрес Гукосян және өзін өзі ұсынған Вардан Седрикян – саяси ойын дүрмегіне жай қосылғандар. Бұлардың арасынан жеңіп шығу Серж Саргсянға қиынға соққан жоқ.Сайлауда Раффи Ованесянның 36,7 пайыз дауыс жинап, екінші орын алғаны біраз жұртты таңдандырды. Оның да көп құпиясы жоқ. Ол сайлау науқанын бастағанда, Таудағы Қарабақ республикасына бірден тәуелсіздік беремін деп мәлімдеді. Бұл республикада біраз халық тұрады, тәуелсіздік деген тәтті ұғым біраз дауысты Ованесянға алып берді. Басқа үміткерлердің барлығының дауысын қосқанда 10 пайыздың төңірегінде. Содан да Саргсянның жеңісі қисынды да заңды.Армения – шағын ғана ел. Халқының саны 3 миллион төңірегінде. Жері – 29,74 мың шар­­шы км. Мемлекеттік сипаты – демократиялық президенттік рес­публика. Ел басшысы – президент. Мыңдаған жылдық тарихы бар ел. Бірақ ешкім де біз мынадай болғанбыз деп, көкірек соқпайды. Сол тарихын жалғастырып жатыр. Жері шағын және онда қазба байлық аз. Бірақ оның есесіне өте талантты халқы бар. Ол өз күндерін көріп қана қоймайды, өнерімен, еңбекқорлығымен, кәсіп­қорлығымен елін әлемге танытады. Содан да Армения дейтін елді, мемлекетті, армян дейтін халықты жұрттың бәрі біледі.Қазіргі экономикалық көрсет­кіштермен қарағанда, елдің деңгейі жоғары емес. Тіпті халқының біразы табыстарын сырттан тауып жүр. Армяндар өз еліндегілерге қарағанда, сыртқа ең көп шашылған халық екен. Олар бұл жөнінде еврейлерді де артқа тастаған көрінеді. Бірақ көше сыпырған, арба сүйреген, біреуге құл болып жүрген армянды таба алмайсың. Олар басқаларға жұмыс істетеді. Білген соң. АҚШ, Франция сияқты елдерде миллиардер армяндар болса, миллионерлерді көп елден табасың. Сыртта жүріп елін ұмытпайды. Дәстүрін, тілін ұмытпайды. Қандастарына қамқор болып жүреді.Елге кім басшы болып сайланса да, ең алдымен, олар сол талантты халқына арқа сүйейді. Ел алдында үлкен міндеттер тұр. Халқын аш етпеу өз алдына, шағын елін соғыс сияқты кесапаттан сақтап қалуы керек. Бұл елдің басқалармен жеке тіресіп соғысуға шамасы жоқ. Содан Ресейдей алып елге арқа сүйейді, басқалармен достасады. Саргсян өткен бес жылда солай етті. Армяндар сондықтан да алдағы бес жылдықта да өз тағдырын тағы да оның қолына ұстатты.

Мамадияр ЖАҚЫП,

«Егемен Қазақстан».