• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Саясат 11 Маусым, 2019

Хасан Канболат: Қазақстан сара жолынан ауытқымайды

678 рет
көрсетілді

Елімізде өткен кезектен тыс Президент сайлауына халықаралық ұйымдардың өкілдері мен дүниежүзілік қауымдастықтардың өкілдері бақылаушы ретінде қатысқан болатын. Түркі әлемінде белгілі Анкара саясат орталығының директоры, сарапшы Ханас Канболат сайлауға қатысты пікірін білдіріп, өзінің түйгендерімен бөлісті.

– Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауы демократиялы түрде, әділ өтті деп толық сеніммен айта аламын. Бұл жетістігімен бауырлас мемлекетті құттықтаймын.

Сайлау – мемлекеттің тәуелсіздігі секілді аса маңызды шара. Қазақстан Республикасының тағы бір жаңа парағы ашылды. Ширек ғасырда адам баласының өзі жете бермейтін саясат, экономика тұрғысынан үлкен жетістіктерді бағындырды, экономикалық әлеуеті айтарлықтай жақсарды. Мұның барлығы аса құрметті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында деп ойлаймын. Тұңғыш Президент Мемлекет басшысы лауазымынан кетсе де мемлекет құрушы көшбасшы ретінде қала бермек.

Жаңа сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтаймын. Барлығымыз оны тәжірибелі саясаткер, мемлекет адамы ретінде танимыз. Қазақстанның одан әрі өсіп-өркендеген дамыған мемлекет болатынына сенемін.

Тәуелсіз байқаушы ретінде айтарым, Қазақстандағы сайлау мәдениеті мен шараның өткізілуі басқа мемлекеттер үшін үлгі бола алады. Әрине, Түркияның демократиялық тарихы Қазақстанға қарағанда өте ерте заманда басталған. Бұған қарамастан, Қазақстаннан да үйренеріміз көп. Бірнеше сайлау учаскесінде болдық, дауыстарды санауға қатыстық. Әр учаскеде 1-2 сағаттан болдық. Ол жерде партия атынан келген байқаушыларды да кездестірдік. Барлығы заң аясында болды, құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Хасан КАНБОЛАТ, 

Анкара саясат орталығының директоры