• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2019

Алматы орталығында монша өртке оранды

476 рет
көрсетілді

Оқыс оқиға қаланың Алмалы ауданына қарасты Хусаинов көшесінде орын алған.

«12 маусымда сағат 8. 09- да Алматының ТЖД «101» тетігіне, монша кешенінен өрт шыққаны туралы  хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дер кезінде жетті», - дейді ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Төтеншеліктер қызыл жалынды сағат 09. 33-те құрықтаған. Оқиғаның неден болғаны анықталып жатыр. Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт салдарынан жапа шеккендер жоқ. Мамандар күн күрт жылыған жаз айларында өрт қаупі күшейетінін, сондықтан техникалық қауіпсіздік мәселесін қатаң сақтауды ескертеді.