• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2019

МӘМС бойынша алматылықтар 36,8 млрд теңге жарна құйған

527 рет
көрсетілді

Өткен мамыр айында алматылық жұмыс берушілер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2 миллиард теңге жарна аударған.Оған қоса, жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 1800 тұрғын бірыңғай жиынтық төлем төлеген. Одан сақтандыру қорына 3 млн теңгеден астам қаржы түсті, - деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың шілдесінен 2019 жылы мамыр айының соңына дейін Алматы қаласынан түскен жарна мөлшері 36,8 млрд теңгені құраған.  Бұл – республика бойынша жинақталған соманың бестен бірі. Оның 34,4 млрд теңгесі –жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлер атына жасалған аударымдар.