• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Маусым, 2019

Байланыстарымыз беки түсетініне сенімдімін

483 рет
көрсетілді

Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаевты Малайзия халқының және жеке өзімнің атымнан Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан халқы президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлына жоғары сенім білдіріп, табысты экономикалық жолды жалғастыру және елдегі тұрақтылықты сақтау үшін үлкен жауапкершілік жүктеді.

Елдің жаңа Президентінің Малайзия мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, әсіресе біздің елдеріміз арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынты­мақтастық саласындағы әріптестікті кеңейтуге ықпал ететініне сенемін. Біз жақын арада Малайзия мен Қазақстан арасындағы байланыстарды нығайтамыз деген үміттеміз.

Мен жеке өзімнің және бүкіл малай халқының атынан, құрметті Президент мырзаға, зор денсаулық, Қазақстан Республикасының дамуы игілігіндегі қажырлы еңбегіне сəттілік тілеймін!

Дато Шри Идрис Джали, PEMANDU Associates консалтингтік компаниясының президенті (Малайзия)