• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Маусым, 2019

«Шырайлы Шымкент!» шақырады

594 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтандағы «Keruen City» сауда, ойын-сауық орталығында Шымкент қаласы әкімдігі мен «National Geographic Qazaqstan» журналының бірлесіп ұйым­дастыруымен «Шырайлы Шымкент!» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.
Қала күніне орайластырылған шараның ашылу рәсіміне Шым­кент қалалық туризм бас­қар­ма­сының басшысы Тұрар Ах­метов, қалалық мәслихаттың депутаттары, жеке кәсіпкерлер мен сала ардагерлері қатысты.

Көрме мақсаты – көпшілік арасында Шым­кент қаласының ішкі туризмді дамытудағы әле­уетін жан-жақты көрсете оты­­рып, қалада алдағы уақытта қол­­ға алынғалы отырған жобалар­ды­ фотосурет тілімен жет­кізу. 

Халық­аралық экспедиция құра­мында қазақ­стандық археолог, географтар мен журналистерден бөлек, Тайланд елінен арнайы шақыртылған 2 фотограф пен әр салада машықтанған қазақстандық фотосурет өнерінің мамандары да болды.

«National Geographic Qazaqstan» журналының 13 қыз­мет­керінен құралған топ мүшелері мамырдың 20-сы мен маусымның 2-сі аралығында Шым­кент қаласы мен қала ма­ңындағы қырыққа жуық тари­хи-мәдени орын мен киелі жерді ара­лап шығып, 1,5 мың шақырымдық жолды жүріп өтті. Олар қаланың ескі бөлігіндегі көне ғимараттар мен Ақмешіт үңгірі, Сайрам кесенелер шоғыры мен Қасқасу шатқалы секілді табиғаты әсем жерлердің таңғажайып көрініс­терін таспаға түсіріп отырды.

– Шымкент қаласы қашанда кез келген салада бастамашы, еліміздегі оң өзгерістердің қоз­ғау­шысы болып келгенін ешкім жоққа шығара қоймас. Бүгінгі көрме соған дәлел. Болашақта бұл қалада үлкен серпіліс болатынына сенім артамын, – деді Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универси­тетінің профессоры Орденбек Мазбаев.

Көрмеге келушілер Шымкент қаласы мен оның айналасында көрікті жерлер, киелі орындар, табиғи ескерткіштер мен қа­ла тұрғындарының күнделікті тұр­мыс-тіршіліктерін баяндайтын фотосуреттердің жиынтығын тама­шалауға мүмкіндік алады. Көрме 20 күнге созылады.