• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2013

Әбіләзовтің әшкере әрекеттері

305 рет
көрсетілді

Әбіләзовтің әшкере әрекеттері

Сәрсенбі, 27 ақпан 2013 7:31

Ұлыбританияның Жоғарғы соты Әбіләзовтің соңғы апелляциялық шағымын қабылдамады

Бұл БТА Банктің активтерін қайтаруды тездете түседі. «БТА Банкі» АҚ хабарлағандай, Ұлыбританияның Жоғарғы соты банктің бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы Әбіләзовтің судья Найджел Тирдің шешіміне бұрын берілген арызын Апелляциялық сотта қараудан бас тартты. Судья Тир өз шешімімен Әбіләзовтің сотқа құрметсіздік танытуына және түрмедегі мерзімін өтеу үшін биліктің тиісті органдарына берілмеуіне байланысты қорғану құқығынан айырған еді.

Сәрсенбі, 27 ақпан 2013 7:31

Ұлыбританияның Жоғарғы соты Әбіләзовтің соңғы апелляциялық шағымын қабылдамады

Бұл БТА Банктің активтерін қайтаруды тездете түседі. «БТА Банкі» АҚ хабарлағандай, Ұлыбританияның Жоғарғы соты банктің бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы Әбіләзовтің судья Найджел Тирдің шешіміне бұрын берілген арызын Апелляциялық сотта қараудан бас тартты. Судья Тир өз шешімімен Әбіләзовтің сотқа құрметсіздік танытуына және түрмедегі мерзімін өтеу үшін биліктің тиісті органдарына берілмеуіне байланысты қорғану құқығынан айырған еді. Енді Ұлыбританияның Жоғарғы соты Әбіләзовтің апелляциялық шағымынан бас тарта отырып, оның Апелляциялық сотқа берген шағымында қоғамдық мүддені көздейтін заңды негіздің жоқтығын айтады.

Қазіргі таңда банк екі талап арыз бойынша Әбіләзовтан 2 млрд. АҚШ долларын өндіру жөніндегі сот шешімін алыпты. Бұдан басқа банк тағы да 1,5 млрд. АҚШ долларын алатын сот процесіне қатысуда көрінеді. Және банк мұнымен шектеліп қалуды місе тұтпайды, мүмкіндігінше тағы да сот шешімдерін алуды жоспарлап отыр. «Бүгінгі Жоғарғы соттың шешімі Әбіләзовтің заңды «түлкі бұлаңына» тұсау салатын және банктің пайдасына шығарылған сот шешімінің тездетіп орындалуын жылдамдататын процесс болды», деп хабарлады банк Басқармасының мүшесі – басқарушы директор П.Просянкин.

Міне, елді тонап, елден қаш­­­қан алаяқтың күні осылай аяқталады. Алдыңғы мақаламызда айыптылығына байланысты құ­қық қорғаушылардан қашқан Мұхтар Әбіләзов Швейцарияға барып, жасырынған деген БАҚ мәліметтеріне сүйеніп, оның өз елін­де жасап кеткен бірқатар қылмыстық әрекеттеріне тоқталғанбыз. Енді, міне, М.Әбіләзовке «БТА Банк» АҚ-тың директорлар кеңесінің төрағасы кезінде аталған банк­тен орасан көп АҚШ долларын ұрлағаны, сотты сыйламағаны және жазадан жалтарғаны үшін де кешірілмес айып тағылып отыр. Әрине, ол кезінде тергеу орындарынан қашып, шетелге жасырынды. Ол тек біздің елден ғана емес, одан кейін де басқа елден талай миллиондарды ұрлағаны белгілі. Оның сол ақшаны ұрлағандағы бір мақсаты өз елінде кейін бүлік шығару болған екен. Сөйтіп, ол текке кетпей экстремистік ұйымдасқан қылмыстық топ құрып үлгерген көрінеді. Оны қаржылай қамтамасыз етіп, қылмыстық рөл­дерді өзі таңдаған мүшелеріне бөліп берген. Міне, осы топтың Қазақстандағы басшысы болып 2010 жылы В. Козлов тағайындалыпты. Ол осы қылмыстық топқа бірнеше адамды тартқан.

Ал кезінде В. Козлов пен оның жақтастары мұнайшыларды қолдағандай бетперде жамылып, шын мәнінде өздерінің саяси мүдделерін көздегендігі нақты дәлелденді. Өткен жылдың 19 қарашасында Маңғыстау об­лыс­тық соты Козлов пен оның қорғаушыларының Ақтау қала­лық сотының үкіміне берген апелляциялық арызын қара­ды. Қыл­мыстық іс пен айыпта­лу­шылардың, олардың қорғау­шы­ларының уәждерін толық қарап, танысып шыққан соң бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Ал апелляциялық арызды қанағаттандырған жоқ. Осылайша үкім күшіне енді.

Сотта барлық жағдай жан-жақты сараланғаны ақиқат шындық. Әрбір айғақ зат, әр сөз, әр дәлел сараптамадан өтті. Сөйтіп, саясаттанушы-сарапшы, сарапшы-психолог, сарапшы-филолог, лингво-сараптамашылардың тікелей өздері қатысқан кешенді сот-сараптама қорытындысында нақты ақиқат ашылды дей аламыз. Мәселен, саясаттанушы-сарапшы зерттеуге берілген нысандарды тексеру барысында тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Козловтың мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру туралы алдын-ала жос­пар­лары болғанын айтады. Бұл іс-шараларды олар өз мүдделеріне пайдалану үшін жасаған көрінеді. Телефон арқылы сөйлесулер, элек­тронды хат алмасу мәтіндері, аудиожазбалар және басқа да материалдар әлеуметтік алауыздықты тудыруға бағытталған іс-шаралар болған. Ал әлеуметтік алауыздықты тудыру, жұрттың бәрі білетіндей, билікті құлатудың бір бөлігі болып саналады. Ендеше, Козловқа жалтаратын жол қалмады.

Иә, В.Козловтың іс-әрекетінің қандай сипатта өрбігенін бүгінде көптеген адамдар ашық айтып отыр. Олардың сөздеріне сенбеске амал жоқ. Өйткені, ол адамдардың бәрі В.Козловтың арбауына түсіп қалған, содан оның қитұрқы сөздерін өз құлақтарымен естіген. Мәселен, соның бірі Н.Ажигалиева В.Козловтың 2011 жылы Жаңаөзенге келгенде өзін Әбіләзовтің өкілі деп таныстырғанын айтады. Сонда ол ереуілшілердің әрекеттерін қолдайтынын, оларға көмек беруге уәде еткен. Сол сияқты бұдан бұрын да бұқаралық ақпарат құралдарында жазылғандай, Т.Сақтағанов өзінің де, мұнайшылардың да В.Козлов бастаған қылмыстық топтың айтқандарына алданып қалғанын жеткізеді. Ол қолымен істегенін мойнымен көтеруі тиіс. Мұндай арандатушылықтан Әбіләзовтің де тасада қалмағаны анық. Ол өзінің мақалаларында ашық түрде билікті күшпен басып алуға, конс­титуциялық құрылысты күш­пен өзгертуге, сөйтіп, елдің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған сөз­дерді келтіреді. Мұндағы негіз­гі түйін: Әбіләзов мемлекеттік би­лікті күшпен басып алып, Қыр­ғызстандағы «түрлі-түсті» революцияны қайталауға үндейді.

Ал осындай ниеті теріс адамнан қайтіп қайыр күте аласыз? Ол жоғарыдағы ойын нақты жү­зе­ге асыру мақсатында «Алға» ха­лы­қ­тық партиясының аймақтық бөлімшелері жетекшілерінің қаты­суымен өткізілген скайп-конфе­рен­цияда тездетіп қалың қолды бір жерге топтастыру арқылы 2011 жылдың аяғына дейін мемлекеттік билікті құлатуға нұсқау береді. Бұл сөздердің бәрі аталған конференция жазбаларында сақталып тұр екен. Сонда Козловтың Әбіләзовтің бұл тапсырмасын орындауға даяр екенін сендіре сөйлеген сөздері де жазылыпты.

Ақыр аяғында Әбіләзов-Коз­ловтың барлық қылмыстық әре­кет­тері әшкереленіп, дәлелденді. Қашқын Әбіләзов іздестірілуде, ал Козлов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 235-ба­бы­ның 1-бөлігінде, 164-бабының 3-бөлігінде, 170-бабының 2-бө­лі­гінде көзделген қылмыстық әре­кет­терді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, соттың үкімімен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айы­рылды. Мұның бәрі көп­те­ген тергеушілердің, сарапта­ма­шылардың, ақыр аяғында қыл­мыстық істің бас-аяғын толық қа­рап, шынайы талқылау мен әділдік таразысынан өткізген соттың нақты шешімі. Сондықтан шындықтан ешкім де бұлтара алмайды, ал сот шешімінен ешкім де қашып құтыла алмайды. Түптің түбінде қылмыскер бәрібір жазасын алады. Біздің елдің заңы солай, тек әділдік қана салтанат құрады. Ал заңды бұзғандар жауапқа тартылады.

Алмас БОЛАТОВ.