• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2019

Алматы жұрты Арыс тұрғындарымен бірге

334 рет
көрсетілді

Арыстағы ағайынның басына түскен тосын жағдайды Алматы жұртшылығы да күйзеліспен қабылдады. Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Алматы қаласы тарапынан қиындыққа тап болған тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету шаралары қолға алынғандығын жеткізді.

 «Арыстағы қайғылы оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Барлық алматылықтардың атынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Түркістандық әріптестерден сағат сайын хабар алып отырмыз. Жуық уақытта цемент, есік-терезе сынды қажетті құрылыс материалдары тиелген алғашқы жүк көліктері Арысқа аттанады», - делінген әкімнің жазбасында.

Алматы қаласы әкімдігі қызметкерлері, қаладағы бірқатар кәсіпорындар мен жекелеген ұжымдар бір күндік жалақысын аударды. «Мен Алматылықпын» еріктілер қозғалысының белсенділері киім-кешек пен азық-түлік, басқа да керек-жарақтармен көмек көрсетуде белсенділік танытуда. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бастамасымен зардап шеккендерге қайырымдылық акциясы басталды. Шаһар кәсіпкерлері де өз бірліктерін көрсетіп, күш жұмылдырды.