• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2013

Заңдылық мәселесі тексерілді

496 рет
көрсетілді

Заңдылық мәселесі тексерілді

Сенбі, 2 наурыз 2013 8:27

Мемлекет басшысының «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты Жолдауында құ­қық қорғау органдарының не­гіз­гі міндеті саралана келе қыл­мыстық заңнаманы ізгілендіру, адамдардың бәрі заң алдында тең екендігі, соған орай барлық уақытта адамдардың заңды құқының сақталуын басты назарға алу керектігі айтылды. Осыған орай, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің жанынан құрылған Қоғамдық кеңес азаматтардың заңды мүдделерін қорғауды, құқық бұзушылық пен қылмыспен күресудің алдын алуды қамтамасыз етуде өз қызметін жұртшылықпен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырып келеді.

Сенбі, 2 наурыз 2013 8:27

Мемлекет басшысының «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты Жолдауында құ­қық қорғау органдарының не­гіз­гі міндеті саралана келе қыл­мыстық заңнаманы ізгілендіру, адамдардың бәрі заң алдында тең екендігі, соған орай барлық уақытта адамдардың заңды құқының сақталуын басты назарға алу керектігі айтылды. Осыған орай, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің жанынан құрылған Қоғамдық кеңес азаматтардың заңды мүдделерін қорғауды, құқық бұзушылық пен қылмыспен күресудің алдын алуды қамтамасыз етуде өз қызметін жұртшылықпен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырып келеді. Оның құрамына Парламент Сенатының, қалалық мәслихаттың депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.

Енді, міне, Астаналық полиция мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің өзара әрекеттесуінің айғағы ре­тін­­де кеше қалалық арнайы мекемелер мен аудандық ішкі іс­тер басқармаларында кездесу өт­кі­­­­зілді. Адам құқығы бойын­ша ко­­мис­­­­­­­­­­­­­­­­­­сияның сарапшысы Влади­мир Левин мен Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі ха­лықаралық бюро­сының Астана қаласындағы филиалының өкілі, заңгер Илья Лу­говой Астана қала­­­­сының ІІД арнайы мекемелерін, яғни уақытша қамауда ұстау изо­ляторы, әкімшілік тұтқынға алын­­ғандарды арнайы қабылдау және қабылдау-тарату орындарын аралап көрді.

Қоғам өкілдері аталған меке­ме­лердің жұмыс тәртібімен, ұстал­ғандардың жағдайымен та­нысып, олардың полиция қыз­мет­керлеріне наразылығы бар-жоқ­тығын сұрады. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мү­ше­лері аудандық ІІБ кезекші бө­лімшелеріндегі уақытша ұстау камераларының жағдайымен де танысты. Қызметтің жұмысын реттейтін құжаттарды қарап, сонымен қатар, қаладағы жедел жағ­дайды білді.

Адам құқығы және заңды­лық­ты сақтау жөніндегі халық­ара­лық бюросының Астана қала­сын­дағы филиалының өкілі, заң­гер Илья Луговойдың айтуын­ша, тексерілген орындарда ай­тар­лықтай кемшіліктер жоқ көрі­неді. «Астаналық ІІД арнайы мекемелеріндегі атқарылып жатқан жұмыс заңды талаптарға сай, біз осындай жұмысты алдағы уақытта да жалғастырамыз», – деді Адам құқығы жөніндегі комиссияның сарапшысы Владимир Левин.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».