Сәрсенбі, 6 наурыз 2013 6:32
Жоғары дәрежедегі ұры Виктор Храпунов кезінде Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босағанда елден жинаған ақшасын тығарға жер таппапты. Содан әуелі Швейцарияға миллиондаған долларды бірден алып кетпекші болған көрінеді. Дегенмен, ақыр аяғында ол бірнеше миллиондаған доллардан да көп тұратын қып-қызыл ақшаны алып, тайып тұрғаны белгілі. Енді ол шетелде басқаша сайрап жүр.
Сәрсенбі, 6 наурыз 2013 6:32
Жоғары дәрежедегі ұры Виктор Храпунов кезінде Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босағанда елден жинаған ақшасын тығарға жер таппапты. Содан әуелі Швейцарияға миллиондаған долларды бірден алып кетпекші болған көрінеді. Дегенмен, ақыр аяғында ол бірнеше миллиондаған доллардан да көп тұратын қып-қызыл ақшаны алып, тайып тұрғаны белгілі. Енді ол шетелде басқаша сайрап жүр.
Ол Шығыста әкім болып тұрғанда қаладағы зауытты газдан тазартатын қондырғылармен жабдықтапты. Бірақ, оны қалай жүзеге асырды, зауыттың басшылығын өз икеміне қалай көндірді, ол туралы әңгімесінде ешқандай дерек келтірілмейді. Әйтеуір, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген пиғылы анық байқалды. Ол өзінің сұхбатында Шығыс Қазақстан облысына әкім болып келгенше (2004 жылдың 8 желтоқсанына дейін) «Казцинк» газ қалдықтарынан және күкіртті ангидридтен тазарту мәселесімен мүлде айналыспағанын баса айтады. Храпунов келгенде жағдайды жедел жөнге келтіріпті.«Мен әкім болып жұмыс жасауға келісімен, «Казцинктің» басшыларымен қала жағдайына сараптама жасадым. Сосын кәсіпорын менің нұсқауыммен, әділдік үшін айтып өтейін, «Казцинктен» шығатын төмен пайыздық деңгейдегі күкіртті газдың өзін ұстап қалатын құрылымды салып, іске қосты. Бұдан кейін біз күнбе-күн жеті цистерна байытылған күкірт қышқылын жинап отырғанбыз. Ал мұндай құрылым салынбағанға дейін осы зиянды қалдықтардың бәрі қаланың ауа қабатына таралып, әлсін-әлсін қышқылды жаңбыр ретінде жауып тұрған. Ауаны улап, табиғатты бүлдірген», деп әңгімелейді. Осы бағыттағы барлық атқарылған істі өз атына жазып алған В.Храпунов сыпайылық үшін «Казцинктің» еңбегін де атап өтеді. «Ескертіп өтейін, біз 2005 жылы тапсырған қондырғы «Казцинк» шығарындыларының тек 50 пайызын ғана тазарта алды», – дейді ол. Телеарна журналисінің: «Бұл Өскемен қалалық әкімдігінің «Казцинкке» қойған талабымен жүзеге асқан шаруа емес пе?» деген сұрағына да Храпунов қысыла қоймайды, қарапайым жауап беруге тырысады. «Ондай жағдай болғаны да рас, бірақ жеті цистерна, 420 тонна күкіртті қышқыл күн сайын ауа қабатына шығарылып отырған. Содан соң біз «Казцинк» алдына күкіртті қышқылды 100 пайыз ұстап қалатын осындай тағы бір қондырғы орнату мәселесін көлденең тарттық. Алайда, мен Астанаға қызмет ауыстырғаннан кейін бұл шаруа аяғына дейін атқарылмай қалды. Төрт жыл министр болғанда «Казцинктің» қосымша қондырғы орнатқаны жөнінде естіген де, оқыған да жоқпын», деп әңгімесінің майын тамыза түседі ол. Айтатыны жоқ, оның «қарапайымдылығы» халық батыры болмаққа ұмтылған әрекетіне әр бере түсетін сияқты.Дегенмен, «халық батырының» шын келбетіне үңілетін уақыт енді келді. Әуелі ұсағынан бастайық. Храпунов былай дейді: «… Мен Астанада министр болған төрт жыл ішінде еш жерден көрген де, естіген де жоқпын…». Былайша айтқанда, ол ШҚО әкімдігінің креслосын тастап, сосын төрт жыл министр болған екен. Алайда, бұл олай емес. В.Храпунов министр орынтағында төрт жыл емес, бар болғаны 9 ай отырды. 2007 жылдың 11 қаңтарында ол Төтенше жағдайлар министрі лауазымына ұсынылған болатын. Содан соң 2007 жылдың 1 қарашасынан бұл қызметінен отставкаға кетті. Бұдан соң ол ешқандай орынтақ иеленген жоқ. Ал жарты жылдан соң оның Швейцарияға қашқан «тарихи» жылдары басталды. Әрине, ол ештеңе естіген де, көрген де жоқ, өйткені ол біраз уақыт қашуға дайындалды. Асығыс мүліктерін сатты да, 2008 жылғы сәуір айынан Өскеменнен алыста жатқан Швейцарияға ұшып кетті.Егер Храпуновтың әңгімелерін әрі қарай фактімен талдайтын болсақ, мүлдем басқа жайларға тап боламыз. Ол ШҚО әкімі болған екі жыл ішінде экологиялық жағдайды сауықтырумен мүлдем айналыспаған. Әйтпесе, бір «Казцинкте» күкіртті газдарды пайдаға асыратын, газды шаң-тозаңнан тазартатын, күшәланы зарарсыздандыратын, шламды өңдейтін, ағынды айналмалы сумен қамту, қайта өңдеу, өндіріс қалдықтарын өңдеу сияқты бірнеше үлкен экологиялық бағдарламасы бар екенін білер еді. Онсыз-ақ соңғы жылдары «Казцинк» өндірістік қауіпсіздік саласында көптеген табыстарға қол жеткізді.Дегенмен, басты әңгіме күкіртті газдарды тазарту қондырғысын орнату еді. Өскемен қаласындағы қорғасын кенінде күкірт бар. Оны күйдіріп, балқыту кезінде бұрын ауаға шығарылған күкіртті ангидрид түзіледі. 1997 жылы қалада күкіртті ангидрид бойынша концентраттың шекті мөлшері 4,7 пайыз болатын. Храпунов қалай десе де, «Казцинк» экологиялық мәселелерді шешуді сол құрылған уақытынан, яғни 1997 жылдан бастады. Сосын 1998 жылы-ақ күкіртті қышқылды гипске айналдыру жөніндегі өндіріс іске қосылды. Одан соң оны ескі шахталарға көмуге тасыды. Бұл уақытта Храпунов Алматы қаласы әкімінің орынтағын енді игеріп жатқан еді. Храпунов айтқандай, Өскеменнің ауа қабатына күніне 420 тонна күкіртті қышқыл бөлінетін болса, қала аумағында киімсіз жүру мүмкін болмас еді. Семейді қалың тұман басып, көз аштырмас еді. Сонда Храпунов мырза күні-түні химиялық қорғаныс киімдерін киіп жүрген бе? Қалған қала тұрғындары қалай жүрген деген ойға еріксіз беріледі екенсіз. Осыдан-ақ Храпунов айтқан әңгімелер қисынсыз өтіріктер екені өзінен өзі белгілі болып қалады. Қазақ атамыз: «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам», деп осы Храпунов сияқтыларға қаратып айтқан болуы керек.Алмас БОЛАТОВ.