• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2019

Кей салада заң бұзушылықтар азаймай отыр

571 рет
көрсетілді

1 шілдеден бастап пойыз билеттерін заңсыз сату, жо­лау­шы­­ларды темір жол көлігіне орналастыруда заманауи бақылау әдіс­­терін қамтитын, жауапты мамандардың қызметтік бабын пай­­далануын шектейтін бағдарлама енгізу туралы шешім қабыл­данды.

Бұл туралы Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінде өткен баспасөз мәс­ли­ха­тында ха­барланды. Агент­тік өкілдерінің айту­лары­на қа­ра­ған­да, жергілікті жер­лерде үз­діксіз бақылау және дел­дал­дармен күрес жүйелі болға­ны­мен, адами факторларды тү­бе­гейлі жою мүмкін болмай отыр.

– Біздер теміржол вокзалдары мен пойыздарда қоғам өкілдерін қатыстыра отырып, рейдтік шараларды үздіксіз жүргізіп келеміз. Мәселен, 2018 жылдың қыркүйек айынан бері барлық бағыттар бойынша 360 рет жолға шығып, пойыздарда би­лет­сіз жүрудің 362 және 35 рә­сім­делмеген жүк пен багаж тасу дерегін анықтадық. Өкінішке қарай уәкілетті органдар мен ұлт­тық тасымалдаушы тарапы­нан бақылаудың аздығынан адам факторына байланысты заң бұ­зу­шылық деректері көп, – дейді «Адал жол» жобалық кеңсесінің же­текшісі Исламбек Майшекин.Сон­дықтан мүдделі тараптар бұл ол­қылықты жолаушылар тасымалы саласын автоматтандыру және цифрландыру арқылы жоюға ниетті.

Осыған байланысты ақпа­рат­тық жүйені енгізуші «Инстант Пэй­ментс» ЖШС өкілі жаңа бағдар­лама «Орын аула» механи­з­мін бұғаттауымен ерекшеле­не­тінін айтты. Бұл тетікті қазіргі уақытта кассирлер қайтарылған билетті өзге тұлғаның атына қымбат бағасына рәсімдеп беруде кеңінен пайдаланып жүр.

Енді әрбір жолаушының біреудің қайта тапсырған би­летін сатып алуға тең құқығы қамтамасыз етіледі. Жетілдірілген жүйеде «Орын аула» механизміне жол берілмейді. Аталған жүйе қысқа уақыт ішінде бес билеттен артық сатып алуға автоматты түрде шектеу қояды.

Баспасөз мәслихаты барысында белгілі болғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаражатының жұмсалуына байланысты да бірқатар заң бұзушылықтарды әшкерелеген. Бұл бағыттағы қыл­мыстар мемлекеттік қызмет­шілермен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік көмекті және мақ­сатты әлеуметтік көмек алуға құ­қығы жоқ азаматтарға да қатысты болып отыр.

Мысалы, Павлодар қала­сы­ның №2 соты Еңбек, әлеу­мет­тік қорғау және көші-қон коми­те­тінің Павлодар облысы бо­йын­ша аумақтық департамен­ті­нің бөлім басшысына, «Аза­мат­­тарға арналған үкімет» Мем­лекеттік корпорациясы ди­рек­торының орынбасарына және осы ме­ке­менің бөлім бас­шы­сы­­на облыс­тың азаматтарынан 300 мың тең­геден бастап 1 млн 200 мың теңге аралығында сый­­а­қы­лар алып, осы сыйақыға олар­ға заң­сыз зейнетақылар ауда­рып, бюд­жет­тің 107 млн теңге қара­жатын ысырап еткендері үшін әртүрлі мерзімдерге соттады.

Сондай-ақ қылмыстық жауап­кершілікке заңсыз зейнетақы алған 49 азамат және олардың 13 кө­мекшісі тартылған. Заң­сыз зейнет­ақы алған 35 адам мем­лекет­ке келтірілген залалдың 73,6 млн теңгесін бюджетке қайтаруы­на байланысты оларға қатыс­­ты қылмыстық қудалау ақта­майтын негізбен қысқартылды.

Ал Жезқазған қаласының соты Облыстық әлеуметтік қор­ғау және көші-қон аумақтық де­­пар­таментінің «№3 Меди­ци­на­лық-әлеуметтік сараптама» бө­лімі басшысына азаматтарға II не­месе III топтағы мүгедек де­ген анық­тамасын беру және олар­ды кедергісіз медициналық куә­ландырудан өтулері үшін жүйелі түр­де пара алғандары үшін 20 млн теңге көлемінде айыппұл салды.