Алдағы сейсенбі күні елорданың «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды.
Осыған орай «Астана» клубы Румынияның ЧФР Клуж командасына қарсы өтетін ойын алдындағы медиа іс-шаралар жоспарын жариялады. Іс-шара 8 шілде, яғни дүйсенбі күні өтеді.
17:30 – «Астана» футбол клубының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен өтетін баспасөз жиыны
18:00 – 18:15 – «Астана» футбол клубының БАҚ өкілдеріне арналған ашық жаттығуы
18:30 – ЧФР Клуж бас бапкері Дан Петрескудың қатысуымен өтетін баспасөз жиыны
19:00 – 19:15 – ЧФР Клуж футбол клубының БАҚ өкілдеріне арналған ашық жаттығуы
Еске сала кетейік, «Астана» – ЧФР Клуж арасындағы ойын 9 шілде күні сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында, қарымта матч бір аптадан соң Румынияда өтеді.