• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2019

Балдырғандар бас қаланың туған күніне тарту жасады

842 рет
көрсетілді

Елорданың туған күні дәстүр бойынша еліміздің әр аймағында сән-салтанатпен аталып өтті. Алматыдағы №92 бөбекжай-балабақшысының балдырғандары да ел астанасына арнап мерекелік шара ұйымдастырды.

 Өскіндер Нұр-Сұлтан қаласының әсем келбетін тас жол бетіне кейіптеп, Отанға деген алғаусыз сезімдерін періште көңілден шыққан перизат өрнектері арқылы жеткізді. «Бәйтерек», «Ханшатыр» секілді айшықты орындарды  құлпырта бейнелеп, өз қиялдарындағы астананың сұлу келбетінің суретін салды. Бөбектер ән мен жырдан шашу шашып жиылғандар назарына арнайы концерттік бағдарламаларын да ұсынды.

«Еліміздің жарқын болашағы осы балдырғандар. Олардың қиялында шек жоқ. Бүгінгі шараға 200-ден астам тәрбиеленуші қатысты. Шараның мақсаты балдырғандардың бойындағы Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласын бүгінде бүкіл әлем таныды. Бір қуантарлығы, балалар бұл күнге ерекше дайындалып, асыға күтті»,– дейді балабақша меңгерушісі Райхан Молдағожина.

«Туған күніңмен бас қала» деп аталған мерекелік шара аясында көрме ұйымдастырылды. Шағын экспозицияға балалардың қолынан өрілген әсем бұйымдар мен суреттер қойылған.

АЛМАТЫ