• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2013

Есебі түзу адам

370 рет
көрсетілді

Есебі түзу адам

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:13

Адам өмірінің мағыналы болуында жүрек қалауымен таң­даған мамандықтың ықпалы зор. Сондықтан да әркім өзінің оң­тайына келетін, көңіліне қона­тын кәсіпті игерсем деп талпынады. Жауапкершілігі жоғары есеп-қисап ісіне екінің бірі бара бермейді. Бұл – табандылық пен тазалықты, тиянақтылық пен мұқияттылықты, біліктілікті қа­жет ететін кәсіп.

 

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:13

Адам өмірінің мағыналы болуында жүрек қалауымен таң­даған мамандықтың ықпалы зор. Сондықтан да әркім өзінің оң­тайына келетін, көңіліне қона­тын кәсіпті игерсем деп талпынады. Жауапкершілігі жоғары есеп-қисап ісіне екінің бірі бара бермейді. Бұл – табандылық пен тазалықты, тиянақтылық пен мұқияттылықты, біліктілікті қа­жет ететін кәсіп.

Қарапайым есепшіліктен зей­нет­керлікке шыққан Жұмабек Бөкенбаев – өз кәсібінің қыр-сырын жете меңгерген, таза­лы­ғы мен талабының нәтижесінде бақыр тиынды бас пайдасына жаратпай, әріптестері арасында абыройға бөленген еңсесі биік жанның бірі. Ең алғаш еңбек жолын Ембі жинақ кассасында кас­сирліктен бастаған оның әу бастан-ақ осы есепшілікке бүй­регі бұрды да тұрды. Әрине, әр жылдары шаруашылықтың басшы қызметтерінде болған әкесі Ералының да әсері  тиген болуы керек. Болмаса, кассир болған сәттен бастап өз тұңғиығына тарт­қан есеп-қисап әлемінің си­қыры бойын биледі ме, әйтеуір осы жолдан ауытқымауға бір­жола бекінгені есінде.

Сөйтіп, бүкіл өміріне желі тарқан есепшілік мамандығы бойынша 45 жыл табан аудармай жұмыс істеген екен. Соның 37 жылында әртүрлі кәсіпорындар мен мекемелердің бас бухгалтері қызметінде болыпты.

Рас, кәсіби білімі небәрі – есепшілік курс қана. Бірақ, өз бетінше оқып-үйрену, тәжірибе жинау оны қашанда ұятқа қал­дырған емес. Осы кезеңде жұ­мыс істеген жерлерден берілген мінездемелерінде тек қана жақ­сы жағынан танылғаны баяндалады. Әсіресе, бір таңғалатыны мекеме, кәсіпорын басшылары оны есеп және есептілікті қа­лыптастыруда, оны тазартып жолға қоюдағы еңбегін ерекше атап көрсетеді. Ал, кезінде «Ақ­төбемұнайгазгеология» басқар­масының бастығы Г.Прокудин­нің соған қарасты АТП, «Жаңа­жол экспедициясы», құрылыс- монтаж басқармасы сияқты үш кәсіпорында бухгалтерлік есепті және есептілікті дұрыс жолға коюға көмектесуін өтінуі, оның қандай кадр екенін көрсетсе керек. Өтінішті қабыл алған ол әр кәсіпорында бір жылдан жұмыс істеп бұл бағытта өзінің кәсіби шеберлігін айқын танытты. Олардағы есеп пен есептілікті үлгілі жағдайға келтіріп, тиісті тәртіп орнатты.

Оның есеп жұмысындағы жұмыс тәжірибесі Бүкілодақтық дәрежеде таратылғанын да айту ләзім. Кеңес одағы көлік құ­рылысы министрлігінің Бүкіл­одақтық жобалау технологиялық институты шығарған «Экспресс-ақпарат» кітапшасында көлік құ­рылысы министрлігінің кәсіп­орындары мен ұйымдарының есеп және есептілікті үлгілі жүргізу бойынша байқау-кон­курстар ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тәжірибелері жазылып таратылған екен. Сол кітапша­ның 1984 жылғы 4-шығарылы­мында «Ақтөбе көлік құрылыс» тресі № 614 құрылыс-монтаж пойызының іс-тәжірибесіне де біраз орын берілген. Онда пойыз­­дың трест бөлімшелері арасында есеп пен есептілікті үлгілі жүргізуде конкурс жеңім­пазы болғаны, мұнда есеп жүр­гізудің озық әдістері, осы за­манғы есептеу құралдарының және ұйымдастыру технология­сы­ның кең қолданылатыны айтылады. Ал, осы істің басы-қасында жүрген бас бухгалтер Жұмабек Бөкенбаевтың да үлесі зор екені баса көрсетіледі. Оның бұл бағыттағы еңбегі кейінгі шығарылымдарында да үлгі етіп ұсынылған.

Жұмекеңнің ұқыптылығы мен мұқияттылығының бір мысалы – ол өзі жұмыс істеген кәсіпорын­дар мен мекемелерде есеп қыз­метін қабылдап алған және тапсыру актілерінің бір данасын жинақтап, түптеп, кітапша етіп қойған. Соның өзінен алған кез­дегі есеп қызметі мен тапсыр­ған­дағы айырмашылықты аңға­руға болады. Есеп қызметіндегі еңбегі әр жылдары одақтық ми­нистрліктен бастап кәсіпорын, мекемелердің құрмет грамоталарымен марапатталған. Ол жолдасы Қалимамен екеуі алты бала тәрбиелеп өсіріп, олардан  он төрт немере, үш шөбере сүйіп отырған бақытты ата мен әже. Қалима жеңгей де бухгалтерлік­тен зейнеткерлікке шыққан. Бір қызығы, Жұмекеңнің тәлімін алып, әр қиырда, әр салада жұ­мыс істеп жүрген шәкірттерін са­намағанның өзінде осы әулет­тің өзінен қырықтан астам адам есеп қызметі саласында еңбек етеді екен. Бұл алдыңғы толқын ағаға қарап өсудің дәлелі болса керек.

Есеп қызметінің білгірі Жұ­мабек Бөкенбаев 1995 жылы еңбек демалысына шықты. Бірақ қашанда елгезек, еңбек десе ерінбейтін, одан ләззат алатын Жұмекең қарап отыруды қала­мады. Әлі де есеп қызметіндегі бі­лімі мен білігін егемен елі­міздің кәдесіне жаратсам деді. Сөйітті де, өзі мүше болып табылатын есепшілер мен аудит­тер­дің қоғамдық бірлестігіне ке­лісім-шартпен жұмыс істей бастады. Ол кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелердегі есеп қызметін бас жоспарға көшіруге, кеңес беруге, тексерулер жүргі­зуге атсалысуда. Осы кезеңде 15-ке тарта кә­сіпорындар мен мекемелерде есеп қызметін қазақ­стандық жаңа стандартқа көші­руге ақыл-кеңес беріп, қолдап көмектесті.

– Жұмабек аға құрметті ең­­­­бек демалысында жүргенмен облыс есепшілері мен аудитте­рінің қоғамдық бірлестігінің мү­шесі ретінде шаруашылық жүр­гізуші субьектілерге бухгалтер­лік есеп­ті бас жоспарға және бухгалтер­лік стандартқа көші­руге жәрдем беруде. Ол өз ма­ман­дығына сү­йіспен­шілікпен қарайды. Жұма­бек Бө­кенбаев есептің бас жос­парына көшуге кеңес береді, көмекте­седі, қаржы есептілігін жасайды, – дейді об­лыстың қар­жы-валюта­лық ба­қы­лау басқар­масында, Батыс Қа­зақ­стан экономика және қаржы институтында, басқа да жауапты қы­з­меттер атқарған Мең­сұлу Өтенова.

Біреулер қарақан басының пайдасын ойлайтын, өзіне тиімді жер болмас аттап аяқ  баспайтындарды есептің адамы ғой деп жатады, ал Жұмабек Бөкенбаев шын мәнінде есептің адамы. Зейнет жасында болса да  әлі де сүйікті кәсібінен қол үзбеген, ала жіпті аттамайтын адалдығы­нан ауытқымайтын ол бұл ба­ғыт­тағы тәжірибесін кейінгі тол­­­­­қынға үйретуден жалыққан емес.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.