• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2013

Ауылымыз алға басуда

294 рет
көрсетілді

Ауылымыз алға басуда

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:19

Шемонайха ауданының еңбеккерлері өткен жылды ауа райының қолайсыз болғанына қарамастан бір­шама табыстармен қоры­тындылады. Егін шығымы жаман болған жоқ, мал басы өсіп келеді. Ауданда әлеуметтік бағытта да көп істер тындырылды. Мұның бәрі Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолда­уындағы міндеттерді жүзеге асыруда атқарып жат­қан жұмыстар деп ай­туға негіз бар. Біз ұжы­мы­мызбен бірге Жолдауды зор ынта қоя тыңдадық.

Жұма, 18 қаңтар 2013 7:19

Шемонайха ауданының еңбеккерлері өткен жылды ауа райының қолайсыз болғанына қарамастан бір­шама табыстармен қоры­тындылады. Егін шығымы жаман болған жоқ, мал басы өсіп келеді. Ауданда әлеуметтік бағытта да көп істер тындырылды. Мұның бәрі Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолда­уындағы міндеттерді жүзеге асыруда атқарып жат­қан жұмыстар деп ай­туға негіз бар. Біз ұжы­мы­мызбен бірге Жолдауды зор ынта қоя тыңдадық. Бүгін­де әлем таныған, күл­лі төрткүл дүние мойын­даған Қазақстанның 21 жыл бұ­рынғы жағдайы дәл осындай болады деп сенудің өзі шынында қиын еді. Бірақ, бұл бәріміз куә болған ақи­қат дүние. Содан бері 21 жылда ұлан-ғайыр ұлы та­быстарға қол жеткізе ал­дық. Қазақстан қазір жаң­ғыру кезеңін артқа тастап, жаңа кезеңге аяқ басты. Дәл осы белес жаңа за­ман­дағы жаңа Қазақстанның орнын анық­тады. Біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатары­на кіру. Бізде ол үшін мүм­кіншілік те, ресурс та, бі­лімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», деген Мемлекет басшысының сөзі кез келген қазақстандықтарға жігер береді деген ойдамын.

Қазақстан халқына Жол­дауында экономика­ның алға басып келе жатқаны­­на нақты деректер келті­ріл­ген. Соңғы 60 жылда әлемдік жал­пы ішкі өнім 11 есе өс­іп­­ті. Ал Қазақ­стан­­да тек 15 жылда 16 есе өс­і­м болған. Бұл та­быс­­ты ауыл шаруа­шылы­ғы ең­бек­керлерінің де ла­йықты үлесі бар еке­нін айта кеткен жөн.

Біздің қожалық 1996 жылы құрылды. 2004 жы­лы «Выдрихинское» серік­тес­ті­гі деген атқа ие болд­ық. Қазір серіктестікте 420 адам еңбек етеді. Олар жа­лақыларын уақытылы алады, әлеуметтік жағ­дай­ла­рын да шешуге назар аударамыз. Былтыр 12300 гек­тарға дәнді дақылдар ектік, гектарынан 18 цент­нерден астық ордық. Бұл Шемонайха ауданындағы үздік нәтиже. Ауылдағы с­у құбы­рын, мәдениет үй­­ін ба­ланс­қа алғанбыз, ау­ыл еңбек­кер­лері бос уа­­­­­­­­­­қыт­­­тарын көңілді өткізеді. Бұ­рын­да­ры бізде еңбек етіп, зей­неткерлікке шыққан ардагерлерге отын, көмірін те­гін жеткізіп береміз, дем­алыстарын көңілді өт­кі­зуге де назар аудара­мыз. Ауыл­дағы мектеп оқу­шыларына да қа­йы­рым­­дылық шараларын ұйымдастырып тұра­мыз.

Жолдауда әркімнің өзі­нің тілін үйреніп, өз дінін, ұлттық салт-дәс­түрін ұс­тануға еркіндік берілгені айтылған. Қазір ауылы­мызға оңтүстік аудандардан жергілікті ұлт өкілдері көшіп келіп жатыр. Олар басқа ұлт өкілдерімен тату, ынтымақшыл. Әр ұлт өкіл­дерінің мерекелері қызық­ты да маңызды өтеді. Ел­басының Қазақстан хал­қына Жолдауы бәрімізді ұйымшылдық пен бірлікке шақыратын маңызды құжат екенін де мойындауымыз керек.

Александр  БЕЛКИН,

«Выдрихинское» ЖШС  директоры.

Шығыс Қазақстан облысы,

Шемонайха ауданы.