Құрылыс компанияларының жетекшілерімен кездескен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бірінші кезекте мектеп, аурухана, балабақша сынды нысандар халыққа қолжетімді қашықтықта болуы керек екенін айтты.
«Құрылыс компаниялары басшыларымен жүздестім. Басты мәселе ретінде – ескі үйлерді сүру жайы талқыланды. Бұл – басымдық берілген бағыттардың бірі. Оңтайлы шешім іздейтін боламыз», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.
Сонымен қатар, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев белсенді құрылыстың қарқыны әлеуметтік нысандардың, инфрақұрылымның дамуымен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті. Тұрғындарға мектеп, аурухана, балабақша қолжетімді қашықтықта болуы басты назарда болатынын жеткізді.
АЛМАТЫ