• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2019

Қостанайда полицейлер латын қарпіндегі әліпбиді үйреніп жүр

319 рет
көрсетілді

Латын қарпіндегі алфавитті үйреніп жүрген топта 48 полицей бар. Олардың қатарында мемлекеттік тілді жетік білетіндер де, орта деңгейде білетіндер де, енді үйреніп жүргендер де бар. Сабақ Қостанай облыстық әкімдігінің «Тілдарын» орталығында өтеді.

Тылды қамтамасыз ету басқармасының бастығы, подполковник Анатолий Чуйконың айтуынша, латын қарпіндегі алфавитті үйрену – уақыт талабы. Бәсекеге қабілетті болу үшін біліміңді әрдайым толықтырып отыру керек. Облыстық Полиция департаментіндегі Ақпараттандыру және байланыс басқармасының инженері Кира Гартман мемлекеттік тілді жетік біледі.

«Латын қарпіндегі алфавитті үйрену менің тілдік қорымды кеңейтуге үлкен мүмкіндік жасайды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жалпы ақпараттық даму әлеміне енгенін, ол – интернет, ғылым, мәдениет тілі екенін айтқан болатын. Қазір қоғамдық сананың жаңғыруымен байланысты тіл білімінсіз жалпы даму үдерісіне ере алмаймыз» дейді Кира Гартман.

Полиция департаментіндегі мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі қызметкер Әсеман Түгелбаеваның айтуынша, латын алфавитін полицейлер 2020 жылға дейін оқып үйренеді. Алдағы уақытта латын қарпіндегі алфавитті полицейлер күнделікті іс жүргізуде қолдана бастады.

Қостанай