• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Шілде, 2019

Алматыда «Бұл жерде сені күтеді» жастар денсаулығы орталығы ашылды

410 рет
көрсетілді

Жастар жылына орай бұл күндері Алматыда атқарылған ауқымды істің бірі – «Бұл жерде сені күтеді» жастар денсаулығы орталығының ресми түрде ашылуы болып отыр.

Жаңа орталық  – жастар үшін арнайы әзірленген және бозбала шақтан ересек өмірге қауіпсіз өтуге ықпал ететін өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға бағытталған ақпарат пен қызметтерді ұсынатын ресурстық хаб.

Бұл шараға Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының халық саласындағы қоры (ЮНФПА) ұйытқы болып отыр.

Аталмыш орталықты құру Денсаулық сақтау министрлігінің сапалы ақпарат пен қызмет көрсету арқылы жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі жұмыс бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Өз кезегінде ЮНФПА Орталыққа тренингтер мен басқа да қолдау түрлерін ұсынады, оның ішінде басқа елдермен үздік тәжірибелермен алмасуға ықпал етіп әрі Орталықтың құрылып, дамуына мүліктік үлес қосты.

Жасөспірімдер мен жастарды Орталықта олармен өзара іс-қимыл жасауға арнайы оқытылған сарапшылар қабылдайды. Мұнда жасөспірімдер гинекологы, андролог, психолог, әлеуметтік қызметкер және басқа да мамандар жұмыс істейді. 

«Жастардың құқықтары мен мүмкіндіктері болса, олар өзгерістің тиімді қозғалтқышына айналады. Жастардың жасөспірімдік жаста қаншалықты жақсы бағдарланғаны олардың өз өмірінің бұдан кейінгі барысын ғана емес, олардың ортасы мен жалпы қоғамның дамуын да айқындайды, – деді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі және Қырғызстан мен Түрікменстан елдеріндегі директор болып табылатын Джулия Валезе.  – Алайда жастардың денсаулығына инвестиция салмай олардың әлеуетін толық жүзеге асыру мүмкін емес. Жастар денсаулық орталығы жігіттер мен қыздар өздерінің физикалық, эмоциялық, психологиялық дамуына қатысты сұрақтарға жауап алатын, сондай-ақ өзіне деген сенімділікті дамыту, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру сияқты тағы да басқа  өмірлік маңызды дағдыларға ие болатын орын болады».

Жақында жүргізілген зерттеу Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің үштен бірі жыныстық тұрғыдан белсенді екенін көрсетті. Бұл ретте сұралғандардың басым көпшілігінің – 91 пайызының АИТВ және ЖИТС туралы жеткілікті толық білімі жоқ. Сонымен қатар, жасөспірімдер жүктілігінің саны ЭЫДҰ-ның басқа елдерімен салыстырғанда жоғары болып отыр.

«Сен жасөспірім болған кезде, көптеген күтпеген қауіп-қатерлерге: құрдастары тарапынан жасалатын қысымға, олардың қудалауына, қауіпті мінез-құлыққа, соның ішінде қауіпті жыныстық мінез-құлыққа және басқалай қатерлермен бетпе-бет келе аласың. Дұрыс ақпаратты білу маңызды, құрдастарының қысымына қарсы тұруға және оларға «жоқ» деп айтуға үйренудің маңызы зор. Бірақ ең бастысы – адамда өміріңізді елеулі түрде айқындайтын шешім қабылдау құқығы мен таңдау мүмкіндігінің болуы. Бұл орталыққа бару және оның іс-шараларына қатысу жастарға олардың өміріне қатысты салаларда салауатты шешімдер қабылдауға көмектеседі», – деді Y-PEER қозғалысының қатысушысы Айым Олжабай. Оның айтуынша, «Жастарға инвестициялар салу: ешкімді назардан тыс қалдырмаймыз» Астана декларациясында бұл тармақтардың барлығы да бар.