Алматыда автобус жолағына шыққан жүргізушілерге жаппай айыппұл салынып жатыр. Бүгінде «Жолақ» борттық жүйесі 50 автобусты қамтып отыр. Қалалық қоғамдық көліктерге 100 бейнебақылау құрылғысы орнатылған. Сол арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтауға болады.
Аталмыш құрылғы автоматты түрде сурет пен бейнетаспаға түсіреді. «Жолақ» жүйесі енгізілгенен бері 406 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып үлгерген. Мамандар айыппұлдың жалпы сомасы 2 млн теңгеден асатынын айтады.
Еске салсақ, еліміздегі ең алып мегаполис алматыда қоғамдық көлік қозғалысына арналған «Жолақ» жүйесі енгізілгеніне де талай уақыт болды. Аталмыш жүйе қала халқы үшін өз тиімділігін көрсетуде. Алайда жеңіл көлік жүргізушілері тарапынан бұл жүйеге қатысты наразы пікірлер жиі айтылып жүргені де жасырын емес.