Сәрсенбі, 27 наурыз 2013 2:27
Қазір қазақстандық үлесті ұлғайтуға баса маңыз беріліп отыр. Шыны керек, оның мол мүмкіндіктері де бар. Алайда, қашаннан өз өнімдерімізге «мұрын шүйіріп» қарайтын ескі әдеттен арыла алмай келеміз. Осылай өзге елдің экономикасын дамытып, шетелдік өнімдердің өтімділігіне қызмет етіп жатқанымызды әлі де жете түсіне алмай жүргеніміз жасырын емес. Мысалы, Ақтөбе мұнай қондырғылары зауыты – сорғылық штангалар шығаратын бірден-бір отандық өндіріс орны. Мұнда жылына 200 мың сорғылық штанга өндіріледі. Қазір зауытта қондырғыларды жаңғырту жүргізілуде. Бұл өндірістік қуатты екі есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, бірқатар артықшылықтарға да қол жеткізіледі. Сұраныстың жоғарылығын есептей отырып, 400 мың сорғы штангасының қолдан-қолға тимей өтетініне де сенім мол. Алайда, ол өз облысымызда емес, басқа өңірлерге шығарылады. Мұның сыры неде?

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Марат Балмұхановтың қазақстандық үлесті арттыруға арналған жиында мәлімдеуінше, өңірде табиғат пайдаланушы болып табылатын «СПНС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ сияқты мұнай саласында жұмыс істеп жатқан ірі компаниялар осындай өнімдерді шетелден әкелуге құмар көрінеді. Мұнайшылар болса, өз кезегінде, Ақтөбе мұнай қондырғылары зауытының АРІ (Америкалық мұнай институты) халықаралық сертификаты жоқтығын алға тартады. Осындай сертификат қана әлемдік рынокқа шығуға жол ашады. Зауытта қондырғыларды жаңғыртудың басталуы да сондықтан.
Өткен жылы кәсіпорында газ-құмдық якорь шығару өндірісі игерілді. Ол СТ-КZ сертификатымен бекітілген. Осының нәтижесінде тапсырыстар да көбірек түсе бастаған. Тапсырыс берушілер ішінде «Самұрық-Қазына» компаниясы да бар. Ұзақ мерзімді және үлкен тапсырыстарды мемлекеттің қолдауынсыз шешу өте күрделі. Оның басты себебі, штанга шығаруға пайдаланылатын шикізат – сом темірдің Ресейден жеткізілетіндігінде болып отыр. Біздің елімізде мұндай шикізат әзірге өндірілмей отыр. Осындай олқылықтың орнын толтыруға бағытталған зауытта 200 мың адам еңбек етеді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.
2013-03-27 20:56:31