• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Шілде, 2019

Алматыда 794 шетелдік азамат жауапқа тартылды

319 рет
көрсетілді

Алматыда «Заңсыз» жедел алдын алу шарасы өтті. Жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша 794 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін, қабылдаушы жақтың жеке және заңды тұлғалары арасында қазақстандық 168 азаматқа айыппұл салынып, 56 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар қабылдау бөлімдеріне жеке куәлігі жоқ 336 шетелдік азамат тіркелді. 196 шетелдік соттың шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері заңсыз көші-қон ұйымдастыру фактілері бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды», дейді Алматы қаласы Полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.