Алматы орталығындағы бірнеше көше уақытша жабылады, деп хабарлайды «Алматы Жолдары» ЖШС баспасөз қызметі.
«Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 23-24 шілде аралығында сағат кешкі 22:00-ден таңертеңгі сағат 06:00-ге дейін Мақатаев пен Мұқанов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жолдар жабылады. Сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Мақатаев көшесінен Мәметова көшесіне дейінгі жол қозғалысы шектеледі», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
«Алматы Жолдары» ЖШС автоәуесқойлар өз бағытын алдын ала жоспарлауын сұрайды. Сондай-ақ «ПСФ Алонс» ЖШС мердігерлік ұйымы уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады.