• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Президент 24 Шілде, 2019

Президент «Egemen Qazaqstan» газеті көтерген мәселе бойынша Үкіметке тапсырма берді

488 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санына шыққан журналист Серік Әбдібектің «Қолдан жасалған билет тапшылығы» атты мақаласын twitter-дегі парақшасында бөлісті.

«Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», деп жазды Президент twitter-дегі парақшасында.