• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Шілде, 2019

Сочидегі тау курорты мыңыншы қазақстандық туристі қарсы алды

307 рет
көрсетілді

Ресейдегі ірі, жыл бойы жұмыс істейтін «Роза Хутор» тау курорты таяу күндері Қазақстаннан келген мыңыншы туристі құрметтеп қарсы алды. Осы маусымда Сочиге мыңыншы болып барған алматылық Қайрат Қыдырәлиевке сочиліктер қонақжайлық сый көрсетті.

Орайы келіп тұрғанда, «Роза Хутор» – әлемдік дәрежедегі жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты, 2014 жылы Сочиде өткен XXII Олимпиядалық және XI Паралимпиядалық қысқы ойындарының ірі олимпиадалық нысаны болғанын айта кету керек.

«Роза Хуторға» бірінші рет келген мыңыншы қазақстандық «Макротехиндастриз» сервистік компаниясында жұмыс істейді. Өз құрметіне жасалған мұндай мереке оның есінде тамаша демалыстың бірі болып қалатыны анық.

Қайрат Қыдырәлиев «Роза Хуторға» «Шымбұлақта» бірге демалатын достарының ұсынысымен келген екен. «Олардың ақыл-кеңесіне құлақ асқаныма өкінбеймін. Жеті күн бойы Кавказ тауларының сұлулығын тамашаладым және Қара теңіз жағалауындағы жағажай демалысымен рахаттандым. Әрине, атақты Сочи-2014 олимпиадалық нысандарымен танысу да өте қызықты болды. Бұл жер көруге тұрарлық, сервисі де жоғары деңгейде!», – дейді жерлесіміз.

Сонымен Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік ағым соңғы жылдары белсенді түрде артып келеді. Бұған белгілі «Шымбұлақ» пен «Роза Хутор» тау курорттары  арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум әжептеуір ықпал етіп отыр.

2018 жылғы қазанда қол қойылған құжат курорттардың әкімшіліктері туризм мен мәдени-сауықтыру демалыс саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, конференциялар, семинарлар мен басқа да іс-шараларды өткізу үшін барлық қолжетімді механизмдерді пайдаланатын болады. Бұл ретте өзара ақпараттық, білім беру, әдістемелік және консультациялық қолдау көрсету жоспарланып отыр. Мұндай қызметтің маңызды тармағы – статистикалық, анықтамалық және басқа да деректер алмасу. Бұл курорттарға көршілес елдердің  тау шаңғысын, тау, спорттық туризмін жақсы түсінуге көмектеседі, ал келешекте қазақстандық белсенді демалушылар арасында «Роза Хутордың», ресейліктер арасында «Шымбұлақтың» танымалдығын арттырады.

«Жүйелі әуе қатынасын ұйымдастырудың арқасында Қазақстан туристері «Роза Хуторға» жиі келе бастады. Бұл жерге оларды белсенді және алуан түрлі демалу мүмкіндігі тартады: тауға жаяу шығу бағдарлары, родельбан, тәрізді тартымды ойын-сауық, аспалы көпір, биік таудағы әткеншек, велосипед серуендері, Қара теңіздегі фирмалық  жағажай. Бізде балалардың ойын-сауығы да жақсы ұйымдастырылғаны мәлім, мейрамханалардың ауқымды таңдауы, мазмұнды концерттік бағдарламада бар. Былтыр біз Қазақстаннан келген мыңнан аса демалушыларды қарсы алдық, қазір әлі шілде айы, ал біз мыңыншы туристі құттықтап отырмыз!», – деді «Роза Хутор» курортының бас директорының орынбасары Сергей Хворостяный.

Осы ынтымақтастықтың арқасында биыл «Роза Хуторда» «Шымбұлақ» күндері өтті. Курорттың бас алаңында киіз үй тігілді, қонақтар қазақ тағамдарының дәмін татып, қазақ ұлттық өнерімен танысты. Олардың көбі Қазақстанға бару мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Оған қоса, екі курорттың достығы шеңберінде «Роза Хуторға» қысқы сырғанаққа апталық ски-пасс сатып алып, ал сосын, осындай кезеңде «Шымбұлақта» тегін сырғанауға болады. Мұндай үлгі кері тәртіпте де әрекет етеді: егер қазақстандық курортта апталық ски-пасс сатып алынса, ресейлік курорттың ски-пассы тегін.

«Мұндай бірлескен маркетингтік бағдарламалар мен акциялар курорттарымыздың насихатталуына мүмкіндік жасайтындығына сенімдіміз. Күзде біз «Шымбұлақта» «Роза Хутор күндерін» өткізуді жоспарлап отырмыз және бұл бағдарламаның қонақтарымызды қуантатынына сенімдімін», – дейді өз кезегінде «Шымбұлақ» тау курортының бас директоры Ержан Еркінбаев.

АЛМАТЫ