• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Шілде, 2019

Министр Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысында болды

408 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Өңірге жұмыс сапары барысында министр әуелі Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығында болып, атаулы әлеуметтік көмектің берілу барысымен танысты.

Министрді мекеменің жұмыс барысымен таныстырған Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Бауыржан Төлегенов орталықта өткен жылы 12 мыңнан аса адамның түрлі қызметтер алғанын баяндады. Сонымен қатар ол мұндай жұмыстар алдағы уақыттарда да жалғаса беретінін жеткізді. Сондай-ақ өңірге жұмыс сапары барысында министр «Barbershop» сұлулық салонына да барды. Салон жетекшісі Аида Батырбекова өткен жылы «Еңбек» бағдарламасы арқылы «Даму» қорынан 5 миллион теңге шағын несие алып, өз кәсібін ашқан. Бүгінде кәсіпкер бес адамды тұрақты жұмыспен қамтып, жергілікті тұрғындарға шаш үлгілерін жасау, қырқу секілді сән әлемінің сұранысына сай қызметтер көрсетіп келе жатқанын баяндады. Ал, Бердібек Сапарбаев өз кәсібін ашып, тұрмысын тіктеймін дейтін азаматтарға мемлекет және жергілікті билік тарапынан барлық қолдаулар жасалу керектігін баса айтты.

Сонымен қатар министр облысқа жұмыс сапары кезінде Жамбыл облыстық әкімдігінде өткен жиынға да қатысты. Жиында аймақтағы атаулы әлеуметтік көмектің берілу жайы қаралып, сол тұрғыдағы өзекті мәселелер талқыланды.  Бұдан кейін министр Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында болып, жергілікті халықтың және аудандық жұмыспен қамту орталығының жай-күйімен танысты.