• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Мамыр, 2013

Қаланың бас құжаты

245 рет
көрсетілді

Қаланың бас құжаты

Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:05

Ел аумағының даму перспективаларын өңірлік үдерістерге сәйкестендіруге мүмкіндіктер берері анық

Қызылжар өңірінде Өңірлік даму министрлігі, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Астанадағы филиалы, жергілікті құрылымдық бөлімшелер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, мәслихат депутаттарының қатысуымен Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы талқыланды.

 

Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:05

Ел аумағының даму перспективаларын өңірлік үдерістерге сәйкестендіруге мүмкіндіктер берері анық

Қызылжар өңірінде Өңірлік даму министрлігі, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Астанадағы филиалы, жергілікті құрылымдық бөлімшелер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, мәслихат депутаттарының қатысуымен Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы талқыланды.

Келелі жиынды аймақ бас­шысының орынбасары Владимир Балахонцев ашып, талқылаудың Солтүстік Қазақ­стан облысынан мәре алуының мәнін атап өтті. Ұзақ жылдарға арналған сызба жобасымен арнайы мамандар айналысып, өңір ерекшеліктері жете ескерілген. Бірінші ке­зекте астықты өлкенің мине­ралды-шикізаттық ба­за ре­тіндегі даму әлеуетінің жіті қарас­тырылғаны құптарлық. Жерасты қазба байлықтарынан қорғасынның 65, цирконийдің 36, уранның 19 пайызы осында шоғырланған. Агроөнеркәсіп кешені шеңберінде ірі фермерлік шаруашылықтар ұйымдастыру, астық экс­пор­тының көлемін ұл­ғай­ту жолдары қарастырылған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Асар ауылындағыдай агро­қалашықтар бой көтеретін болады. Тамақ өнеркәсібін және ауыр өнеркәсіпті жолға қою шаралары алға тартылды.Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу жә­не жобалау институты Ас­тана филиалының директоры Тұрлыбек Мұсабаев, Өңірлік даму министрлігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің бастығы Салауат Дембай еліміздің аумағын ұтымды ұйымдастырудың кешенді жобасы жайлы жан-жақты әңгімеледі. 2010 жылы бекітіл­ген бас жоба халықтың өмір сапасын жақсарту, әлемдік экономикалық үдерістерді кіріктіру, жаһандану жағдай­ларында Қазақстан аумағын тұрақты кеңістікке айналдыру мақсаттарын көздейді. Мемлекеттік қала құрылысы саясатының барлық аспек­тілерін қосатын кешенді қала құрылысының құжаты ұзақ мерзімді даму болжамын ұйымдастыруға, аумақтық бәсекелі артықшылықтарды, ішкі ресурстарды тиімді пайдалана отырып өркен­детуге, қоршаған ортаны, сәулеттік, тарихи-мәдени мұ­раларды сақтауға, халықты қоныстандыру және елді мекендер арасындағы ілкімділік жүйесін жетілдіруге зор мүм­­кіндіктер береді. Кеңес кезінде қалыптасқан қала құрылысы жүйесінің түбе­гейлі қоғамдық-саяси, эко­номикалық құрылымдық өзгерістерге ұшырағаны бай­қалады. Ол уақытта қала құ­ры­лы­сы интеграциялық мәніне орай халықты қоныстандыру, қонысаралық инфрақұрылым жүйесін құру мен дамыту міндеттерін бір­шама атқарғанымен, бірқатар мәселелер ескерілмей қал­ды. Атап айтар болсақ, эко­логиялық тепе-теңдіккке үлкен нұқсан келтірілді. Адамдарды қоныстандыру, елді мекендерді салу табиғи-климаттық жағ­дайы қолайсыз, ауыз су жоқ өңір­лерде жүр­гізілді. Соның салдарынан жетекші салаға толық тәуелді монофункционалды аумақтар қалыптасты. Егемендік алғаннан кейін Президент жаңа мақсаттар мен басымдықтарды белгілеп, ұзақ мерзімді даму стратегияларын жариялады. Астананы жаңа қонысқа көшіру жүзеге асырылды. Әкімшілік-аумақтық бірліктер ірілендірілді. Рес­публикалық маңызы бар автожолдар қалпына кел­тірілді. Ұлттық ауқымдағы инфрақұрылымдық және индустриялық-инновациялық жобалар енгізілді. Алайда, республиканың аумағын игеруде және оның ресурс­тарын пайдалануда айтарлықтай теңсіздіктер әлі де байқалады. Еліміздің бірқатар өңірлері экологиялық жо­ғары лас­та­нуымен, санитарлық-эпи­­­­демиологиялық жай-күйінің тө­мен­дігімен, су ресурстарының сар­қы­­луымен, экологиялық инфра­құрылымның жеткіліксіз дамуымен, сейсмологиялық қа­уіптілігімен ерек­шеленеді. Осыған орай елдің тұрақты дамуына бағытталған қала құрылысын жаңғырту, құ­рылыс саясатын қалып­тастыру жолдары қарастырылып, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, оны іске асырудың тұжырымдамалық әдіс-тә­сілдері әзірленді. Ғылыми негізделген сызбаның ұтым­ды тұстары көп. Аумақ ке­ңістігінде өндірістік күштерді орналастыру бас схемада қабылданған шешімдерге сәйкес жүзеге асатыны қадап айтылған. Халықтың өмір сүру ортасы мен тіршілік қызметі стратегиялық кеңістіктің жос­парлау үдерістеріне ыңғай­ластырылған.Басқосуда ел аумағын дамытудың алдағы міндеттері атап көрсетілді. Әсіресе, халық­тың толқымалы миграция аймағынан тыс кө­беюдің тиімді нүктелерін қалыптастыру арқылы үлкен қалалардағы өсу үдерісін реттеу, өңірлік сәйкессіздіктерді, экологиялық проблемаларды шешу, аграрлық өндірісті ұйымдастырудың жаңа технологияларын енгізу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шекаралас жерлерде қоныстандыру жүйесін жолға қою жайы кеңінен сөз болды. Басқа облыстардың бас схемасын талқылау барысында Қызылжар өңірінің тәжірибесі ескерілетіні де айтылды.

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар