• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Шілде, 2019

«Жастар кадрлық резервінің» 10 жылдық мерейтойлық жобасы басталды

344 рет
көрсетілді

«Bolashaq» Қауымдастығы «Азаматтық бастамалар орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен республикалық «Жастар кадрлық резервінің» онжылдық мерейтойлық жобасын бастады.

Жоба бірнеше кезең бойынша жүзеге асады: байқауға қатысушыларды тіркеу, іріктеу, бетпе-бет тілдесу, білім беру кезеңі және тағылымдамадан өту.

Жобаның мақсаты – жастар арасында мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет саласы үшін қазіргі заманғы, тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру.

Нәтижесінде еліміздің әр аймағынан 3 адамнан 51 жас іріктеледі. 34 адам ҚР Парламентінде, 17 адам  орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді.

10 жыл ішінде жобаға 15 000-нан астам жас қатысқан. Олардың 468-сі конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқу модулдерінен, ҚР Парламентінен, ұлттық компаниялардан, орталық мемлекеттік органдардан іс-тәжірибеден өткен.

Жобаға 18-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады. Өтінімдер www.jastar-rezerv.kz сайты арқылы 2019 жылдың 26 шілдесінен 5 қыркүйеке дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысушыларды іріктеуді облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, БАҚ және бизнес саласы өкілдері кіретін арнайы комиссиялар жүзеге асырады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды кампаниясында атап өткендей, «біздің басты басымдық – жастар үшін әлеуметтік лифтілердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету». Осыған орай, біздің басты мақсатымыз – осы жобаның көмегімен елдің жас ұрпағының жақсы әлеуетіне негізделген мықты резерв құру. Жастар игілігіне бағытталған ресурстар осындай жобалар арқылы іске асып жатыр», деп атап өтті «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова.