Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:49
Оған не себеп болып отыр?
Бұл күнде көміршілердің « Қорғау» кәсіподағы мен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ арасында кезекті үлкен дау туып жатыр. Еңбеккерлер мүддесін қорғаушы ұйым және аталған компания тараптарынан кейінгі кезде бір-бірін түсінбеушілік, келіспеушілік жайлар жиілеп тұрса, осы жолғы текетірес те екі жақ жүйкесін біраз тоздыратын сыңайлы. Ендігі тартыс та қиқусыз емес. Кәсіподақшылардың мәлімдеуінше, аймақтағы өндіріс алпауыты бұған дейін қанаты астына алып келген әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың бірқатарынан бас тартқысы бар.
Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:49
Оған не себеп болып отыр?
Бұл күнде көміршілердің « Қорғау» кәсіподағы мен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ арасында кезекті үлкен дау туып жатыр. Еңбеккерлер мүддесін қорғаушы ұйым және аталған компания тараптарынан кейінгі кезде бір-бірін түсінбеушілік, келіспеушілік жайлар жиілеп тұрса, осы жолғы текетірес те екі жақ жүйкесін біраз тоздыратын сыңайлы. Ендігі тартыс та қиқусыз емес. Кәсіподақшылардың мәлімдеуінше, аймақтағы өндіріс алпауыты бұған дейін қанаты астына алып келген әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың бірқатарынан бас тартқысы бар. Түйіп айтқанда, бұрынғы көмек-қолдауды тоқтатпақ ниетте. Олай бола қалса шахтерлерді кәсіптік аурудан емдейтін Қарағандыдағы медициналық бөлімше, Қарқаралыдағы «Шахтер» демалыс үйі, Топардағы «Жартас» шипажайы басқаға ысырылып, жеке меншікке сатылуы мүмкін. Көмір өндірушілердің, болат дайындаушылардың балалары демалатын Нұра өзені бойындағы «Орленок» лагерінің де осы жаз құшақ ашуы-ашпауы беймәлім.
«Қорғау» кәсіподағы оңтайландыру делінетін осынау шараларға қарсы, әрине. Еңбеккерлердің азын-аулақ жеңілдікпен денсаулықтарын сауықтыратын, шахталар лавалары қапырығындағы, домна пештері түбіндегі ауыр жұмыстан аз да болса тыныстап, әл жинайтын орындарынан мүлдем айырылып қалуы қауіптендіреді. Бұлардың өзгелер иелігіне өткізілуі жүздеген кеншінің, металлургтің мұндай мүмкіндікке бұдан бұлай қарай қолы жетпеуіне әкеліп соқтыратындығына көнгісі келмейді.Былтырғы еңбек дауының әзер тарқатылуы ұмытыла қоймаған шақта «Арселор Миттал Теміртаудың» тағы бір әрекеті сан мың ұжым мүшелеріне ұнап отырған жоқ. Неге бұлай деп білгілері келсе, соңғы уақыттарда пайда болған үйреншікті сылтау алдан шығады. Әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты өнімдер өтімділігінің төмендеуі, табыстың азаюы себебіне қиыстырылады. Солай-ақ болғанда, бұған сендірерліктей нақты айғақ ашық айтылмайды. Өйткені сарапшылар болжамы бойынша, жағдайдың соншалықты жадау еместігі білініп қалады.Аты дардай компания бұрындары да жомарт қолды емес еді, ал бүгінде одан сайын қалтырауық болудан қысылмайды. Денсаулықтарын өндіріске сарп етіп, еңбекке жарамсыз болып қалған ғаріптерге тиістілі өтемақы төлеуді жылдан-жылға созып келе жатуы соны көрсетеді. Тіпті оны оңайлықпен бермеу үшін шахтер-регресниктердің біразы мүгедектік туралы жалған анықтамалар алыпты-мыс деген сөздердің айтылуын қайтерсіз. Кім біледі, болжаусыз, есептен тыс шығындардан қашқақтаудың ышқынғанда тағы түрлі тәсілдері табылар әлі. Басқа-басқа, соның бірі арнаулы жұмыс киімімен мезгіл-мезгіл қамтамасыз етуді созбалаққа салу, әбден тозғанша алмастырмау әлемге аян алыптың атағына жарасар ма. Үнемдеудің де үнемдеуі бар емес пе?..Айта кетер жәйт, компанияның мәлімдеуі бойынша, әлеуметтік нысандардан арылу туралы мәселе ойластырылған емес, ол «Қорғаудың» орынсыз дауы. Ал кәсіподақтар өз пікірлерінен тайғысы жоқ. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтау бір-бірімен соттасуға дейін шиеленісетін тәрізді.Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».ҚАРАҒАНДЫ.