Сейсенбі, 15 қаңтар 2013 7:43
Қарт адамдар – халық құрамындағы әлеуметтік топ. Бағзы заманнан қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ұштасқан өмірлік мақсаты ел бірлігіне, жер тұтастығына бас-көздік, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын берік дәнекерлеу, ұлттық бай рухани қазынаны шашау шығармай сақтау және молайта түсу еді. Олар қай кезде де осы міндетті жүзеге асыруда көсемдік танытты, бекзаттық пен мәрттіктің рухы болып келеді.

Осы орайда жақында облысымыздың аумағында ауа райы күрт бұзылып, қалың қар түсті. Үлкен көлемде борап жауған қарға байланысты Батыс Қазақстан облысы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері жедел көмек жасағын құрып, «Жақыныңа жәрдемдес» акциясы аясында жасы егде тартқан мұқтаж жандарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жалғызілікті ата-әжелердің үйіне барып, ауласын қардан тазалап, есіктерінің алдын сыпырып, қатып қалған мұздарды ойып, гуманитарлық көмек көрсетті. Үй иелері көмек қолын созған жасотандықтарға ыстық ықыластарын білдіріп, тәтті дәмдерін ризашылық ретінде ұсынды.
Атап өтерлік жәйт, жастардың бойында аға буынға деген құрмет сезімін ұялату, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және дамыту – аталған акцияның басты мақсаты. Акция шеңберінде құрылған «Еңбек десанты» жасағының жұмысы жыл бойына жалғасын табатын болады.
Дархан ҚАДЫРАЛИЕВ,
«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы
жанындағы «Жас Отан» жастар
қанатының атқарушы хатшысы.