• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Тамыз, 2019

«Астананың» қарсыласы анықталды

99 рет
көрсетілді

УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі жеребе тастау рәсімі өтті.

«Астана» футбол клубы үшінші кезеңде Мальтаның «Валлетта» командасымен кездеседі. Елордалықтар плей-оффтық кезеңіне шығып жатса,  босниялық «Сараево» немесе Беларусьтің БАТЭ командаларының бірімен шеберлік байқасады.

Үшінші кезең ойындары 8 және 15 тамызда, ал плей-офф бәсекесі 22 және 29 тамызда өтеді. Елордалықтар бірінші кездесуді өз алаңында ойнамақ. Алда-жалда «Астана» жеңіске жетіп жатса, келесі айналымды да «Аренадан» бастайды.

Бұған дейін «Астана» клубы БАТЭ-мен бір мәрте кездескен болатын. 2016 жылы Еуропа лигасы аясында өткен ойында астаналықтар өз алаңында 2:0, сырт алаңда 2:2 есептерімен жеңіске жеткен еді.