Болгарияның София қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық Саматбек Ізімғали алтын жүлдегер атанды.
45 кило салмақта белдескен жас балуан барлық қарсыласынан басым түсті. Финалда Саматбек өзбекстандық қарсыласын 4:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.
Бұл – әлем чемпионатындағы Қазақстанның үшінші медалі. Бұған дейін Ербол Қамалиев 48 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанса, 80 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Мақсат Сайлау үздік үштіктен көрінді.