• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2019

Темірден түйін түйген шеберлер

630 рет
көрсетілді

Қазаталық Молжігітовтер отбасындағы ағайынды Нұржігіт, Нұрғиса, Нұрқанат бүгінде «Ауылда жұмыс жоқ қой» деп Алматы, астанаға барып, тіпті шетел асып кететін жастарға үлгі болатын азаматтар. Қазір ағайынды жігіттердің ауылда отырып жасаған бұйымдары Алматы, Нұр-Сұлтан, тіпті көрші ел өзбек ағайындардың да сұранысына ие.

Үй тұрмысынан бастап, егін және мал шаруашылығына және құрылысқа қажетті зат­тар­дың түр-түрін ауылда өз аула­сының ішінде-ақ жасап табыс тауып отырған ауыл­дағы Молжігітовтер өз кәсіп­терін 2006 жылы бастапты.

– Темірден бұйым жасау оңай шаруа емес, бұған түр­т­кі болған не?, – деген сауалы­мызға Нұрқанат: – Шымкент­тегі базарда күнделікті тұр­мыста, асханаға пайдалана­тын нан шәулі сатып тұрған ағайын ағамыздың: «Қарап отырғанша нан шәулі тоқың­дар. Қажетті материалды бе­ріп тұрамын. Бұл өтімді тауар», деген ақылы түрткі бол­­­ды. Қажетті сым және сабы­­на ағаш материалдарын әке­ліп, үйде отырып тоқи бас­тадық. Жасаған затымызды ек-үш ап­­тада апарып, ке­лі­сіл­ген баға­­да ақшасын алып келе­міз. Қарап отырсақ, «там­шы­дан те­ңіз құралады» де­ген­­дей, тиы­н­­нан ақша құра­ла бас­­тады. Ақыл­даса келе, енді қа­жет­ті материал­ды өзі­міз алып, көтер­ме сауда бағасы­мен өткі­зейік деген тоқтамға келдік. Бұл ісі­­міз де жақсы жүрді. Тіп­ті үл­­гере алмайтындай бол­дық. Со­­дан ауылдағыларға материалын беріп, нан шәулі тоқы­та бас­тадық. Бұл ісіміз де іл­гер­­леді. Мұнымен шекте­ліп қал­май, басқа заттар жа­сау­ға мүм­кіндігіміз жететі­ніне то­­лық сенген соң, сұра­ны­сы жо­­ғары құрылыс зат­тарын жасау­­ға кірістік. Ең бас­тысы, бізд­ің сапалы бұйым­дары­мыз­ға деген сұраныс жоғары, – дейді.

Қазір «Нұр-Асыл» жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігін құр­ған Молжігітовтер 5 адамды тұрақты жұмыспен қамты­ған. Олардың екеуі Мұха­мед­әли Тастанбеков мен Ерке­ғали (Суретте) көрікте қыз­ды­рылған темірден иіп, қажет­ті құрал-саймандарды жасаса, Қажығали Көшенов, Жанар Дербісәлиева, Нұрғи­са Әнуарбекұлы дәнекер­леу, әрлеу, тасымалдау жұмыс­тарымен айналысады. Ал 10 от­басы тұрақты түрде нан шәу­лі тоқиды. Кәсіптерінің қа­наты қатайып, ауқымы кеңи бастаған ағайынды шебер­лерге жазғы сәкі, үй тұр­мы­сына қажетті қоларба, бала­лар әткеншегі, жел бесік, киім ілгіш, аяқ киім мен гүл сөрелеріне тапсырыс беру­шілер көп бүгінде. Шебер­лер жасаған заттарын Шым­кент қаласындағы «Алаш», «Қазына» сауда орталық­тарына көтерме саудамен келі­сім бойынша тұрақты түрде өт­кізіп тұрады. Ендігі кезекте әлеу­меттік желі арқылы сұ­ра­ныс­тар қабылдаймыз деп жос­пар­лап отыр ағайынды жігіттер.

«Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» дегенді қазақ біліп айтқан. Қазір жас­тар­д­ың көпшілігі мол қаржы табуға құмбыл. Табу керек. Бірақ қалай? Көп ақша табамын дегендер «шетел асу керек, долларды дорбалап ала­сың» деп өз пайдасын ой­ла­ған алаяқтарға жем болып жатыр емес пе? Көзін тапсаң, екі қолға бір жұмыс өзімізде де бар. Өз заманында ұлы Абай «егер мал керек болса, қолөнер үй­рен­бек керек. Мал жұтайды, өнер жұ­­та­майды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі қазақ­­тың әулиесі сол» деген сөзі дәл қазір де құнын жойған жоқ.

Ал кішкентай ғана ауылда өз ауласында еңбектің көрі­гін қыздырып, кәсібін дөң­ге­летіп отырған ағайынды жігіт­тер­дің тірлігі кім-кімге де үлгі боларлық.

Эльмира ЖАМАШОВА

Түркістан облысы,

Бәйдібек ауданы