• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2019

Сенаторлар Петропавлдағы құрылыс алаңдарын аралады

219 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина облыс орталығындағы бірқатар құрылыс алаңдарында болды.

Халық қалаулылары Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылып жатқан зәулім үйлердің құрылысымен танысты. 332 пәтер «7-20-25» бағдарламасы аясында күзде пайдалануға берілмек. Құрылысшылардың айтуларынша қаржыландыру мәселесінде ешқандай проблема жоқ. Алайда, болашақ баспана тұрғындарын көлік тұрақтарының жетіспеушілігі алаңдатады. Сенаторлар «Достық Молл»-дың құрылысымен де танысты. Алып сауда және ойын-сауық орталығы жыл аяғына дейін іске қосылады.

«Қаланың қақ ортасында орналасқан бұл нысанның құрылысы түрлі себептерге байланысты ұзаққа созылып кеткенін жақсы білеміз. Қалталы инвестордың арқасында мынадай жаңа ғимараттың құрылысы қайтадан жандана түскен.. Мұндай кешен көрші өңірлерде жоқ», деді  Ерік Сұлтанов.

Nord River ЖШС директоры Мұхтар Игібаев орталықта супермаркет, киім дүкендері, кинотеатр мен өзге де демалыс орындары орындары орналасатынын жеткізді.

Депутаттар «Береке» шағын ауданы тұрғындарының өтінішіне орай бұл аумақта бой көтеріп, жаңа оқу жылы қарсаңында  есігін айқара ашатын мектеп құрылысымен танысты. Солнечный 2 кентінде тұрғызылған 212 жер үй иелерін күтіп тұр. Бау-бақша өсіргісі келетіндер үшін 10 сотық жер дайын. Су құбырлары тартылған. Баспананың әр шаршы метрі 120 мың теңгенің мөлшерінде. Келесі жылы асфальт жол салынбақ. Азық-түлік дүкені мен шаштараз ашу белгіленген

Радуга компаниясы сұйық сабын өндірісін жолға қойып, алғашқы партиясын тұтынушыларға жөнелтіпті. Сенаторлар елімізде сұранысқа ие  өнімдер шығаратын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалатынын жеткізді. Былтыр салынған көкөніс қоймасында тұрақтандыру қорының  азық-түлік түрлері  сақталады. 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы