• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Тамыз, 2019

Түркістанда жаңа автовокзал пайдалануға берілді

724 рет
көрсетілді

Түркістан облысына кезекті жұмыс сапарымен келген Премьер-министр Асқар Мамин Түркістан қаласындағы халықаралық автовокзалдың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Биыл сәуір айында құрылысы басталып, күні кеше пайдалануға берілген автовокзал Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында орналасқан.

Шығыс үлгісінде салынған, 600 автобусқа арнайы 15 тұрақ қарастырылған. Тәулігіне 10-мың адамға дейін қызмет көрсете алады.  Жаңа вокзалана мен бала, дәрігерлік бөлмесімен,күту залы, асхана, тынығатын орындармен қамтылған. Сондай-ақ автовокзал аумағында барлық стандартқа сай автокөлік жуу орны, техникалық қызмет көрсету орындарын ашу жоспарланып отыр.

Автовокзалдан күнделікті 30 бағыт бойынша 50-ден астам автобус жолға шығып, Ташкент, Самарқанд, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және өзге де облыстарға, қалаларға, аудан орталықтарына арналған бағыттар бойынша халыққа қызмет көрсетеді. Түркістандық 30-дан астам тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жаңа автовокзалды қала ішілік тұрақты бағыттар желісімен байланыстыру үшін қосымша 5 қалалық жаңа бағыттың қозғалыс сызбалары бекітілген. Сондай-ақ 7 тұрақты бағыттың қозғалыс сызбалары осы автовокзалғадейін ұзартылған.

 

 

Түркістан облысы