• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2013

Саяси жаңғырту: өзекті мәселелердің мәні, маңызы

7866 рет
көрсетілді

Саяси жаңғырту: өзекті мәселелердің мәні, маңызы

Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:29

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында «Жаңғыртудың табыстылығы үшін әрбір азаматтың өз Отанына пайдалы болуы өте маңызды. Жаңғырту барлық қазақстандықтарға қажет. Осындай түсіністік жағдайында ғана кең көлемде қоғамдық консенсус пен табысқа қол жеткізуге болады», – деп атап көрсетті. Осыған байланысты қазіргі уақытта аса маңызды міндеттердің бірі саяси жаңғыртудың мәнін дұрыс түсіну болып отыр.

 

Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:29

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында «Жаңғыртудың табыстылығы үшін әрбір азаматтың өз Отанына пайдалы болуы өте маңызды. Жаңғырту барлық қазақстандықтарға қажет. Осындай түсіністік жағдайында ғана кең көлемде қоғамдық консенсус пен табысқа қол жеткізуге болады», – деп атап көрсетті. Осыған байланысты қазіргі уақытта аса маңызды міндеттердің бірі саяси жаңғыртудың мәнін дұрыс түсіну болып отыр.

Саяси жаңғырту – бұл қо­ғамдық ойдың маңызды бағыты, оған дәс­түрлі мәдени және әлеу­меттік-эко­номикалық формаларды терістеу, саяси өзгеріс және жаңа қағидаттарды іздеу тән. Со­нымен, бұл саяси жүйенің дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өтуі үдерісіндегі өзгерісі. Осыған байланысты саяси жаңғыртуды ғалымдардың әлі де жеткілікті зерттемегендігін атап көрсеткен жөн.Саяси жаңғырту саяси жүйені, саяси қызметтің түрлерін, әдіс­те­рін, құралдарын, тәсілдерін, технологияларын, сондай-ақ, саяси бағдарламаларды, доктриналарды, тұжырымдамаларды, мақсаттарды, стратегияларды жетілдірудің, жа­ңарту мен өзгертудің тетігі болып табылады.ХХ ғасырдың ортасында саяси ғылымда жаңа категория: «сая­си жаңғырту» «тіркелгендігін» айта кеткен жөн. Ол ғылыми және әдеттегі сөз қорына нық кірді. Со­­циалистік жүйе мен Кеңес Ода­­ғы­ның ыдырауынан кейінгі Еуразия, Орталық және Шығыс Еуропа ел­дерінің қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістерді талқылау мен бағалау барысында бүгінде белсенді түрде пайдаланылады.«Саяси жаңғырту» ұғымы «саяси даму» терминімен органикалық байланыста, бірақ онымен барабар емес. «Саяси жаңғыртудың» мәнін түсіну үшін «саяси даму» категориясы маңызды болғандықтан, осы категориялардағы олардың ортақ және ерекше жақтарын көрсету мақсатында біз оның мазмұнын қысқаша қарастырамыз.Саяси даму ұғымы ғылыми әдебиетке ХХ ғасырда енді және ол саяси жүйелердің өзгеруі үде­рісінің мазмұнын сипаттау үшін қол­данылады. Аталмыш ұғым мен жай ғана саяси қатынастар жүйесіндегі өзгеріс фактісі емес, қоғамның саяси жүйесіндегі сапалық өзгерістер – саяси жүйенің күрделене түскен экономикалық және әлеуметтік жағдайларға үнемі бейімделу, жаңа қоғамдық мүдделер мен талаптардың пайда болуына шапшаң әрі тиімді түрде әсер ету, жаңа саяси инсти­туттар құру және қалыптасқан жағ­дайларға барабар олардың қызмет түрлерін жасау қабілетінің арта түсу үдерісі де белгіленеді. Демек, саяси даму – бұл саяси жүйенің қоғамдық ортаға икемді бейімделуі, оның сапалы жетілуі және өзінің қызметін жүзеге асыруда жаңа деңгейге өтуі, әлеуметтік мүдделердің қанағат­тануы.Осыған байланысты саяси даму саяси жүйенің оң динамикасын – оның жаңа сапалық жағдайға қарай тұрақты қозғалысын білдіретіндігін атап көрсеткен жөн. Сондықтан да саяси дамудың өлшемдері жөніндегі мәселе аса маңызды, өте өзекті болып табылады.Саясаттанушылар саяси жү­йе­нің қабілетін көрсеткен саяси дамудың негізгі үш өлшемін бөліп көрсетеді:1) қоғам мен билік құ­ры­­лым­­­дарының (инсти­тут­­­тар­­дың, нор­малардың, ком­му­ни­ка­ция­лар­дың) өзгерісіне деген;2) жаңалыққа (жаңашылдыққа) – жаңа әлеуметтік проблемаларға, қоғамдық пікірге, азаматтардың талаптары мен мүдделеріне икемді түрде жауап беруге деген;3) азаматтардың қоғамның саяси өміріне тең құқықты қатысуын қамтамасыз етуге деген (олардың саяси жүйенің институттарына деген жағымсыз немесе жағымды қатынастарынан тәуелсіз).Осы өлшемдерге сүйене отырып, саяси жүйенің оң динамикасының негізгі шарттарын жасауға болады: біріншіден, қоғамның жаңа проблемалары мен мұқтаждықтарына деген жүйенің «бейімділігін» көтеру (бірен-саран жаңалықтардың жәр­демімен, мысалы, заңды, бас­­­қа­ру органдарын жетілдіру, би­леу­ші элитаның хабардарлығын көтеру); екіншіден, ұзақ тарихи перспективаға бағытталған кешенді реформалар жүргізу, сая­си жүйенің барлық бөлімдерін демократиялық тұрғыдан қайта құру (жаңғырту); үшіншіден, қоғамның демократиялық саяси мәдениетін мақсатты түрде қа­лыптастыру.Осылайша, саяси даму ұғымы саяси жаңғырту ұғымымен және қоғамдық дамудың неғұрлым кең ұғымымен өзара тығыз байланыс­та болады.Осыған байланысты жаңғырту теориясы ХХ ғасырдың 50-60-жылдарында отаршылдық тәуелділіктен азаттық алған және өзінің одан арғы өзгеру жолдары жөніндегі мәселені тәжірибелік тұрғыдан қоюшы елдердің саяси тағдырын бейнелеу үдерісінде қалыптасқандығын айта кету керек.Жалпы қолданыстағы мағынада жаңғырту деп (француз сөзі modern – қазіргі жаңа) қазіргі заманның талаптарына сай нәрсенің өзгерісі түсініледі. Алайда саяси жаңғырту ұғымы өзіне қайсыбір қоғамның саяси жүйесіне жай ғана қазіргі заманғы түр бергеннен де кең ма­ғынаны қосып алады. Ол іс жүзінде қоғамды жаңғырту ұғымының синонимі болып табылады, ол ар­қылы ғылыми әдебиеттерде дәс­түрлі қоғамнан, яғни сословиелік әлеуметтік құрылымы бар және қоғамдық қатынастарды реттеуші ретіндегі дәстүрлі эти­калық нормалары бар аграрлық шаруашылыққа негізделген қоғамнан өндірістің машиналы технологиясына және адамдардың өмір-тіршілігінің әр түрлі салаларын ұйымдастырудың ұтымды принциптеріне негізделген индустриялық қоғамға өту үрдісін түсіну қабылданған. Көрсетілген мағынадағы жаңғыртылған қоғам өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу, әлеу­­­меттік-экономикалық және саяси қарым-қатынастарды, әлеуметтік құндылықтар мен нормалардың барлық жүйесін жаңадан бастап қайта құру саясатының нәтижесі ретінде алға шығады.Саяси дамудың тұжы­рым­да­масына сәйкес батыс елдерінің, ең алдымен Батыс Еуропаның, АҚШ пен Канаданың жаңғыру үдерісі XVIII ғасырда басталды және бірінші өнеркәсіптік революция дәуірін қамтыды. Мұнда бұл үдеріс қоғамның табиғи эволюция сипатында болды және келесі жүйелілікте іске асырылды деп есептелді. Өзгерістер алдымен рухани салада болды (Жаңару, Реформация және, әсіресе, Ағарту). Сосын қоғамның экономикалық саласы өзгерді, яғни жаңа мүдделер пісіп-жетілді және капиталға не­гізделген жаңа экономикалық құ­рылыс қалыптасты. Осы өз­герістердің нәтижесінде мемлекет­пен тікелей байланысты емес адамдардың қызмет саласы кеңейе түсті, яғни азаматтық қоғам қа­лыптаса бастады. Тек осыдан кейін ғана саяси жүйенің, әлеу­меттік мүдделердің өзгерісі және бұқаралық жаппай қатысу болып өтті. Егер XIX ғасырдың басында батысеуропалық елдер әлі де ауыл шаруашылығы жағдайында қалған болса, ХХ ғасырдың басына қарай мұнда егіншіліктің орнына іс жүзінде өнеркәсіптік өркениет келді.Қазіргі уақытта қоғамды жаң­­­­ғырту ұғымы ең алдымен, дәс­түр­лі қоғамнан қазіргі за­­­­­­­­манғы индустриялық қоғамға өтуді іс­ке асырмаған елдерге сәй­­кес қолданылады. Іс жүзінде бұл елдердің бәрі әлемнің батыс бөлігі емес.  ХХ ғасырдың 50-60-жылдарында жаңғыртудың тұ­­­­­жырымдамаларының ішінде кейбір авторлардың қоғамдық да­мудың бір бағыттылығы жө­ніндегі идеясы үстемдік етті. Бір елдер өзінің дамуында басқалардан кейін қалып келеді, бірақ олардың бәрі өзінің мазмұны жағынан бірдей жаңғыртудың бір ғана жолынан өтеді деп есептелді. Сонымен, дәл осы батыс елдері өздерінің әлеу­меттік-экономикалық, саяси және рухани дамуында алға кеткендігіне және батыстық мә­дениет бүкіл әлемнің мәдениеті болуы тиіс екен­дігіне күмән болмады.Сондықтан да батыстық емес елдердің жаңғыруының мәнісі алғашқыда олардың вестернизациясы (ағылшынша west – батыс), яғни дамушы елдерде өмірдің әр түрлі салаларын батыстық бастауларға көшіру үдерісі ретінде түсінілді. Саяси жүйені жаңғырту бұл елдерде саяси институттарды және саяси өмірдің формаларын батыстық үлгіде бекіту, яғни демократияландыру үдерісі ретінде қарастырылды.XX ғасырдың 70-90-жылдарында жаңғыртуды түсіну енді соншама болмады. Бұл уақытта ғалымдар көбіне батыстық өркениет бірегей десе де, бәрібір әмбебап емес деген пікірге келе бастады. Осыған байланысты мақсатқа сәйкестілік жөніндегі, ең бастысы – басқа елдердің батыстық әлеуметтік инс­титуттарды, құндылықтар мен нормаларды көшіріп алу мүмкіндігі жөніндегі әңгіме өзекті бола бас­тады. Мәселе басқа тұрғыдан да қойылды: батыстық емес қоғамдар өздерінің ұлттық мәдениетінен бас тартуы және батыстық мәдениеттің негізгі құндылықтарын қабылдауға тиіс пе? Өздерінің елдерін батыстық әлеуметтік құндылықтар негізінде жаңғыртуға деген батыстық емес мемлекеттердің көшбасшыларының (Түркия, Жапония, Сингапур, Тайвань, Оңтүстік Корея, Сауд Ара­биясы, Иран) талап еткен әре­кеттері бұл елдердің қазіргі заман елдеріне, бірақ батыстық емес елдерге айналғанына көз жеткізіп отыр. Соңғы он жылдықта қытай қоғамы да жаңғыруда, бірақ вестернизацияланып жатқан жоқ.Көріп тұрғанымыздай, жаңғырту мен әлеуметтік-экономикалық даму мәдени вестернизацияны талап етпейді және жасамайды. Сонымен қатар, олар ұлттық мәдениеттің қайта туындауы мен жаңаруына мүмкіндік береді. Мәселен, Батыс елдерінде білім алған батыстық емес елдердің көптеген элита өкілдері өздерінің әлеуметтік жүйелерінің шаруашылық механизмдерін же­тілдіру барысында индустриялық технологияны дәстүрлі ұлттық құн­дылықтарға қызмет етуге қоюға ұмтылды. Қазіргі уақытта ғалымдар мен саясаткерлердің ойында жаң­ғыртудың басымдық мақсаты – өзгеруші қоғамдардың өркениетті ұқсастығын сақтау барысындағы экономикалық және технологиялық жаңалықтар болып табылатындығы көбірек пайымдалады.Қандай да бір елдердің жаң­ғыртуының стратегиясы мен нақты жолдары жөніндегі мәселе қазірде де барынша өткір пікірталастың тақырыбы болып қалып отыр. «Жаңғырту үрдісінің табыстылығы, Елбасымыз айтқандай, көп жағ­дайда оның қандай қағидаттар бойынша жүзеге асырылатынына байланысты болады».Қазақстанның және басқа да ТМД елдерінің тәжірибесі айғақ­тағанындай, саяси жаңғырту өзіне мынандай сатыларды қосып алады: қоғамның өзінің дәстүрлі саяси құндылықтарын сыни бағалауы; қоғамдағы дағдарысты үрдістерді, дау-жанжалдарды және шиеленісті жеңудің жолдарын, тәсілдері мен әдістерін анықтау; азаматтардың бағалы бағдарларының өзгеруі, олар­дың демократиялық саяси мә­дениетке араласуы; ескі саяси жүйенің бөлшектенуі, оның жо­йылуы қоғам мен уақыттың талаптарына сәйкес келмеуі; сая­си, экономикалық, әлеуметтік және рухани салалардағы кешенді реформалардың жүргізілуі.Қазақстан қоғамы өмір құ­рылысының кеңестік саяси үлгісінен демократияға өтудің қажеттілігін  ұғынды, бұл ұлттық, ұлтаралық, дінаралық және әлеуметтік келі­сімге жетуге мүмкіндік береді. Заң­намада демократиялық принциптер мен нормалар бекітілуде. Экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани-идеологиялық салаларда өзгерістер біртіндеп іске асырылды және іске асырылуда. Билік органдарының конституциялық-құқықтық жауапкершілігі арта түсуде. Мемлекеттік-құқықтық механизм жетілдірілуде.Президент Н.Ә.Назарбаев «Қа­­­зақстанның әлеуметтік жаң­ғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деген мақаласында былай атап көрсетті: «Жаңғырту үрдістерінің алгоритмі кейін қалған салаларды, өңірлерді, әлеуметтік топтарды қолда бар стандарттар мен әлеуметтік да­му көрсеткіштеріне «тартуға» ар­қаулануы тиіс».Жаңғыртудың мазмұнына ке­летін болсақ, дәстүрлі қоғамнан индустриялық қоғамға өту үде­рісі ретіндегі оны түсіну әр түр­лі елдердегі оның объективті нә­тижесі адамдардың өмір-тір­шілігінің негізгі салаларындағы азды-көпті ұқсас әлеуметтік инс­титуттардың нығаюы деп топ­шылауға мүмкіндік береді. Бұл пікір тікелей индустрияландыру үдерісінің мәнісінен шығады. Даниел Белл өзінің «Грядущее постиндустриальное общество. Опыт социального прогнозирования» («Келешек постиндустриялық қоғам. Әлеуметтік болжамдау тәжірибесі») атты кітабында бар­лық индустриялық қоғамдардың бірнеше ортақ белгілері бар екендігі жөнінде біржақты қорытынды жасайды. Олар: барлық жерде бірдей технология таралған; технологиялық және инженерлік білімдердің (сондай-ақ, оларды ұсынатын оқу орындарының да) сапасы да бірдей;  мамандықтар мен еңбек түрлерінің шамамен бірдей жиынтығы. Бірдей техникалық-экономикалық инфрақұрылым индустриялық қоғамдардың барлық салаларындағы ұқсас элементтердің болмай қалмайтын пайда болуына әкелетіндігі шүбәсіз.Президент Н.Ә.Назарбаев атал­ған мақаласында: «Жаңғырту егер, біріншіден, ол Жалпыұлттық тұ­жырымдамамен сәйкес жос­­пар ар­қылы жүзеге асырылатын болса жә­не, екіншіден, тұ­тас­тай үдемелі индустриялық-ин­­­но­ва­ия­лық дамуымен байланысты нақ­ты экономикалық та­быстарға негізделген жағдайда ғана табыс­ты болады. Индустриялық-ин­но­вациялық дамудан тыс еш­қандай жаңғырту мүлдем мүмкін емес», – деп атап көрсетті.Қорытындылай келе, саяси жаң­ғырту – саясаттың өзгерістерге, ин­новацияларға төзімділігінің, оның икемділігінің маңызды көрсеткіші екендігін, уақыт талаптарын қа­былдай білу және оларға жауап беру екендігін айтуға болады. Мұқият ойластырылған және негізделген саясатты жаңғырту күйретудің қаупінің, әлеуметтік шиеленістің ұлғаюының сырын сыртқа шығармайды, ол саяси тұрақтылықтың негізі және кепілі болып табылады. Сонымен қатар, саяси жаңғырту – саясатты дамыту мен жетілдірудің терең қайнар көзі, табысты, нәтижелі саяси қызметтің міндетті шарты.

Раушанбек ӘБСАТТАРОВ,Абай атындағы ҚазҰПУ-дің магистратура және Phd докторантура институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор.