• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2013

Моноқала Құлсарыға кешенді келбет керек

601 рет
көрсетілді

Моноқала Құлсарыға кешенді келбет керек

Сенбі, 19 қаңтар 2013 8:02

Атыраудағы ең ірі ауданның бірі де бірегейі – Жылыой. Хал­қы­ның саны өзгелерінен едәуір көп ауданның экономикасы мұ­най-газ өнеркәсібінің өркенде­уі­мен кең қанат жайып келеді. Ал жалақы мөлшері мұнайшылар та­бысының есебінен басқа аудан­дарға қарағанда әлдеқайда жоға­ры саналады. Аудан орталығы – Құлсарыға аудандық маңыздағы қала мәртебесі берілгеніне биыл он екі жыл толмақ. Шағын қала болғанмен, Құлсарының өз бюд­­жеті қалыптаспаған. Аудандық бюд­жет арқылы қаржыланды­ры­латын қалалық әкімдік аппаратында 10 мемлекеттік қызметкер бар.

Сенбі, 19 қаңтар 2013 8:02

Атыраудағы ең ірі ауданның бірі де бірегейі – Жылыой. Хал­қы­ның саны өзгелерінен едәуір көп ауданның экономикасы мұ­най-газ өнеркәсібінің өркенде­уі­мен кең қанат жайып келеді. Ал жалақы мөлшері мұнайшылар та­бысының есебінен басқа аудан­дарға қарағанда әлдеқайда жоға­ры саналады. Аудан орталығы – Құлсарыға аудандық маңыздағы қала мәртебесі берілгеніне биыл он екі жыл толмақ. Шағын қала болғанмен, Құлсарының өз бюд­­жеті қалыптаспаған. Аудандық бюд­жет арқылы қаржыланды­ры­латын қалалық әкімдік аппаратында 10 мемлекеттік қызметкер бар. Қалалық әкімдік деген атауы ғана болмаса, ауылдық округтерден еш айырмашылығы жоқ. Дегенмен, аудан орталығы, оның үстіне аудандық маңыздағы қала мәртебесі бар Құлсарыға қоныс­та­нушылар қатары өсіп келеді. Қала әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, тәуелсіздік алғаннан бе­рі Құлсарының тұрғындары 30 мыңнан 53 мыңға дейін көбейген.

Дәл қазір Құлсары қаласын 54 мың тұрғын мекендейді. Бұл Жылыой ауданы тұрғындарының 73 пайызын құрап отыр. Осылардың арасынан 9301 адам 5278 шағын және орта бизнес субъектісінде жұ­мыс істейді. Қолдағы мәлімет­ке қарағанда, 2011 жылы Құл­са­ры қаласының 1483 адамы жұ­мыссыз ретінде тіркеуге алынған. Нақ сол жылы 372 адам 46,2 миллион теңгені құрайтын шағын несиеге ие болған. Ал өткен жыл­дың бірінші жартысында 9 ш­а­ғын кәсіпкерлік нысаны іске қо­сылып, 30 адамды жұмыспен қам­туға мүмкіндік табылыпты. Жалпы, былтыр Құлсарыда 1241 жұмыс орны ашылған.

Әрине, қай өңірде де халық саны көбейген сайын мектеп, ба­лабақша секілді әлеуметтік ны­сан­дардың қажеттігі сезіліп тұ­рады. Құлсарыда да «Балапан» бағдарламасымен бой көтерген 3 балабақша іске қосылған. Бұған қоса 250 адам қабылдайтын емхана, 624 оқушыға арналған мектеп пен 280 орындық балабақша құрылысы салынып жатыр. Өт­кен жылы Құлсарыны дамыту үшін 210 миллион 389 мың теңге бөлініпті. «Бұл қаражат қаладағы 6 мектептің жылу қазандарын ауыстыруға, 5 мектептің, сонымен бірге, көп қабатты 87 тұрғын үйдің жылу жүйесін жөндеуге жұмсалды», дейді Шәкір Кейкин.

Енді, міне, биыл еліміздегі өз­ге де шағын шаһарлар секілді Құл­сары да моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгізіліп отыр. Осыған орай 2013-2015 жыл­дары Құлсары қаласының әлеуметтік-экономикалық өркен­деуіне 8 миллиард 762 миллион 742 мың теңге бөлінетіндігі жос­парланыпты. Осынау мол қара­жаттың 7 миллиард 408 миллион 824 мың теңгесі республикалық бюджеттен босатылатын болса, ал 839 миллион 418 мың теңге облыстық бюджеттен қарасты­рыл­мақ. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында бөлінетін мол қаржы нендей жұмыстарға жұмсалады? Үш жылдық бағдар­ламада Құлсарының келбетін өз­герту үшін нендей мәселелер ес­керілгені жөн?

– Моноқалаларды дамыту бағ­дарламасын іске асыру бойынша Құлсары қаласын дамытудың ке­шенді жоспары бекітілді, – дейді қала әкімі Шәкір Кейкин. – Осы жоспарға сәйкес биыл 2 миллиард 306 миллион 592 мың теңге бөлінеді. Кешенді жоспарда 12 спорттық, 20 балалар алаңын салу, 45 аялдама сатып алып, орнату, сонымен бірге, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жоспарланып отыр. Қаладағы бес шағын ауданның электр желісін жаң­ғыр­туға, трансформаторлар орнатуға 407 миллион 410 мың теңге қа­растырылды. Сонымен бірге, 2014-2015 жылдары республика­лық бюджеттен бөлінетін 65 миллион теңге қаланың өз бетімен ағатын лас су құбырын күрделі жөндеуге жұмсалады. Осы жұ­мысқа жергілікті бюджеттен қо­сым­ша 6,5 миллион теңге бөліне­ді.

Моноқалаларды дамыту бағ­дар­ламасы аясында атқарылатын жұмыстардың қатарында 2015 жылы 2 балабақшаның ғимара­тын салу жоспарланған. Өйткені, қазір Құлсары қаласында 10 ба­ла­бақша бар. Бұл, балабақша ке­зе­гіне тіркелген балалардың 54 пайызын ғана қамтып отыр. Сонымен қатар, Құлсарыдағы 184 шақырым жолдың 27 шақыры­мын жөндеуге республикалық бюджеттен 2 400 миллион теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Бұ­лар­дан өзге қатты қоқыс полигонын, ішкі істер бөліміне жедел басқару орталығын, өрт сөндіру депосын, судан құтқару стансасын салуға, білім беру және ден­саулық сақтау салаларының ма­териалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат қарастырыл­мақ екен. Алайда, Құлсары қала­сын кешенді дамыту жоспарына енгізілмеген, әлі де ескерілуі тиіс мәселелер бар.

Осыған орай Құлсары қала­сы­ның әкімі Шәкір Кейкин өз ұсы­ныстарымен бөлісті. Оның пі­­кі­рінше, қазір Құлсары қала­сын­да өткен ғасырдың 50-жылдарында бой көтерген екі және үш қа­бат­ты 78 үй бар. Қазір бұл тұр­ғын үй­­лердің әбден тозығы же­тіп, енді оларды күрделі жөндеу жүр­­­гізу арқылы жаңарту мүмкін емес­тігі анықталып отыр. Бұл – бір.

Екіншіден, Құлсары қаласы­ның экологиялық ахуалы нашарлап барады. Климаттың құрғақ­ты­ғы мен жаздың аптап ысты­ғына ұдайы болып тұратын шаң­ды қосыңыз. Аудан жұртшылығы арасында экологияның нашарлауын «Теңіз» кенішінің қарқынды игерілуімен байланыстыратындар да бар. Сол себептен Құлсары қа­ласының экологиясын жақсарту үшін «Қамыскөл» аталатын көлді сумен толтыру қажет, деп есеп­тейді қала әкімі Ш.Кейкин. Ал «Қамыскөлге» толтырылатын су Жем өзенінен «Құрсай» өзегі ар­қылы құйылады. Әрине, мұны іске асыру үшін көл мен өзектің ішін қамыстан тазартып, «Құр­сайдың» табанын тереңдетіп, жа­ғалауын бекіту қажет. Жем өзені бойынан су сақтау қоймасы мен Құлсарыдан демалыс паркін салу да кезек күттірмейтін мәселеге айналып отыр.

– Моноқалаларды дамыту бағ­дарламасымен Құлсарыдағы то­зы­ғы жеткен үйлерді бұзып, тұр­ғын үй құрылысын жүргізу ке­шен­ді дамыту жоспарына енгізіл­генін қалаймыз, – дейді қала әкі­мі. – Өйткені, ке­шенді дамыту жос­парында тұр­ғын үй құры­лы­сы қарастырыл­маған. Егер осы ұсынысымыз жос­пар­ға енгізілсе, салынатын тұр­ғын үйлер үш қа­батты болуын ойластырып отырмыз. Ал эколо­гиялық ахуалды жақсарту мақса­тындағы жұмыс­тар осы кезге дейін аудандағы кәсіпорын­дар­дың демеушігімен ғана атқары­лып ке­леді. Демеу­шілік жасап отыр­­­ған кәсіп­орындар ұдайы қолұшын соза береді деу қиын. Сол себептен, осы мәселеге де ке­шен­ді дамыту жоспарымен қар­жы бө­лу ше­ші­мін тапқаны жөн. Бұ­ған қоса қалаға мұражай, АХАЖ, мұ­рағат ғимараттарын салу жоспарланса, нұр үстіне нұр болар еді.

Құлсарының келбетін кешенді өзгерту үшін шешімін табуы тиіс және бір мәселе бар. Мұны Құл­сарыға қала сипатын беріп тұр­ған бес қабатты 87 үйдің сұрық­сыз келбетіне байланыстыра айтып отырмыз. Әрине, 87 үйдің келбетін жаңарту терможаңғыр­тусыз мүмкін емес. Алайда, қала әкімі Ш.Кейкиннің айтуына қара­ғанда, бес қабатты үйлерде тұра­тын тұрғындар әзірге терможаң­ғыртуға келісімін бере қойған жоқ. Демек, Құлсарыдағы осынша биік үй баяғыша жанынан өт­кен адамның еңсесін езіп, көңілін құлазытатын сұрықсыз кейпінде тұра беретіні анық.

Қалай дегенде де, моноқа­ла­лар­ды дамыту бағдарламасына ен­­гі­зілген Құлсарыда жол, электр, су жүйелері секілді өмір­лік ма­ңызы бар инфрақұрылымдардың жаңғыртылатыны құптарлық жайт. Дегенмен, Құлсарыда тұр­масақ та көп қабатты үйлерінің үлкен шаһарлардағыдай жарқы­рап тұрғанын көргіміз келеді. Өйт­кені, мұндағы көп қабатты үйлердің келбеті жаңғыртылса, бұл тұрғындардың көңіл-күйіне оң әсер етер еді. Құлсарыға ке­шенді келбет керек деуіміз де сол себептен.

Үкімет моноқалаларды дамыту бағдарламасының шарапаты Құл­сарыға кешенді түрде тисін десе, жоғарыдағы ұсыныстарды ескереді деп сенеміз.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы,

Жылыой ауданы.