• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2010

КЕДЕНШІЛЕР КЕҢЕСІ

566 рет
көрсетілді

Облыс әкімдігінде “Бірыңғай Кеден одағына енудің облыс эко­но­микасының дамуына әсері” та­қы­рыбында кеңейтілген кеңес өтті. Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің арнайы құрылған жұмыс тобы негізінен өнеркәсіп орындары шоғырланған аудандарда болып, жергілікті кәсіпкерлердің өз кәсібін дамытуы, жаңа талаптарға ілесу үшін қолға алған жобалары туралы пікірлерін тыңдаған. Жүздесулер барысында кеден органдары, басқа да қаржы, бақылау органдары та­рапынан кездесетін түйіткілді тұстар да талқыланған. Кеңесте облыс әкімі Б.Қуан­ды­қов жауапты құрылымдар мен тұл­ғалардан осындай мәселелерге мән беруді сұрады. Мұнан кейін жаңа тарифтер және облыс аумағына жаңа инвестициялық жобалар шеңберіне түсетін тауарларға кедендік бақылау мен ресімдеу тәртібі туралы кедендік бақылау департаментінің мамандары түсініктеме берді. Ал облыстың кә­сіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ұсынған “Облыстың өнеркәсіптік мүмкіндігіне талдау, кәсіпкерлерді, ішкі рынокты қолдау бағыты” бой­ынша есебінен соң, екі жақты әре­кеттің түйісер тұсы анық айқындалды. Облыс әкімі Б.Қуандықов Кеден одағының бастамасын жүзеге асыруға және ілгерілетуге ықпал жасайтын жұмыс тобын құруға, онда облыс тұрғындарының бірінші кезекті қажеттілігін қамтамасыз ету, жергілікті тауар өндірушіні рынок қиындығымен өзімен өзін қалдырмау мақсатындағы түрлі талдаулар мен мониторингтер жүргізуге, қорытындысымен ұсыныс­тар дайындауға тапсырма беріп, оның нақты мерзімін белгіледі. Кеңес секторлық байланыс жүйе­сінде өтті, барлық аудандар әкімдері, аудандардағы кәсіпкер тұлғалар және қаржы, бақылау органдарының жергілікті бөлімше өкілдері қатысып, тиісті сұрақтарын беруге мүмкіндік алды. Кедендік бақылау департаментінің аудандарға арнайы жолданған жұмыс тобы өкілдері жергілікті кәсіпкер тұлғалармен дөңгелек үстел жүргізіп, олардың көтерген сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін жергілікті билікпен бірге талқылады. Қазақстан, Беларусь республи­калары және Ресей Федерациясы бірігіп отырған Кеден одағының эко­номикамыз бен тұрмысымызға әкелер өзгерістері, оларға бейімделу әдістері туралы түсіндіру жұмыстары жалға­са­тын болады. Кеден қызметкерлері облыстың өндіріс орындары, шағын және орта кәсіпкерлік нысандары үшін бірнеше кездесулер өткізуді, “тікелей желі” арқылы байланыс ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Барлық әрекеттің түпкі мақсаты – әрбір қазақстандыққа Кеден одағына енудегі еліміздің мүм­кіндіктері туралы, экономикамыздың дамуы мен сауда аясының кеңеюіне күтіліп отырған жағымды жаңа­лықтарды жеткізу. Өйткені, қандай да бір жаңа бастама жете зерделеуді қажет етеді және қандай да бір өзгеріске бейімделу оңайлықпен келмейді. Оған бірлесе дайындалу аса қажет-ақ. Еркін ӘБІЛ, Қызылорда. Орталық мемлекеттік органдардың интернет-сайттары Қазақстан Республикасының Үкіметі          www.government.kz Ішкі істер министрлігі       www.mvd.kz Қорғаныс министрлігі      www.mod.kz Қоршаған ортаны қорғау министрлігі         www.nature.kz Білім және ғылым министрлігі       www.edu.gov.kz Сыртқы істер министрлігі               www.mfa.kz Денсаулық сақтау министрлігі      www.darі.kz Көлік және коммуникация министрлігі      www.mtk.gov.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі               www.enbek.kz Қаржы министрлігі           www.mf.mіnfіn.kz Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі              www.mіnplan.kz Әділет министрлігі      www.mіnjust.kz Төтенше жағдайлар министрлігі   www.emer.kz Мәдениет және ақпарат министрлігі     www.sana.gov.kz Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі           www.memr.gov.kz Ауыл шаруашылығы министрлігі                www.mіnagrі.kz Индустрия және сауда министрлігі              www.mіt.kz Туризм және спорт министрлігі    www.mts.gov.kz Жер ресурстарын басқару агенттігі      www.auzr.kz Байланыс және ақпараттандыру агенттігі ww.alc.gov.kz Статистика агенттігі      www.stat.kz Көші-қон және демография агенттігі       www.demomіgratіon.kz