• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қыркүйек, 2019

Стратегиялық міндеттер сатылап іске асады

337 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қоғамда ерекше пікірталас тудырған, ел назарында жүрген өзекті мәселелерге арналды. Мемлекет басшысы көкейкесті мәселелерді барынша тиімді тәсілдермен, сатылап шешу жолдарын ұсынды.

Жолдауды әзірлеу үшін те­рең экономикалық, әлеуметтік тал­дау жұмыстары жүргізілгені байқалады. Оның мазмұнында әлеу­меттік мемлекет бағытына баса мән берілгені, мемлекеттік аппа­раттың сапасын арттыру, эко­номикадағы мемлекеттің қатысуын азайту, кәсіпкерлікті қолдау секілді іргелі шаралар, қоғам мен мемлекет ара­сын­дағы диалогтың дамуы эко­номикалық дамуды жаңа бағыт­қа бастайды.

Жаһандық экономикалық, сая­­си ахуалдардың құбылмалы ке­­­зе­­ңінде мемлекеттер ара­­сын­да­ғы саяси, сауда-эконо­ми­­калық текетірестер белең алған тұста, әлемдік экономиканың қар­­қыны баяулаған, Еуропадағы жаңа экономикалық рецес­сия болжанған уақытта эко­но­ми­ка­лық тұрақтылық пен өсім, инвес­ти­циялар ағынының қар­қын­дылығы Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Осы ретте Жол­дауда айтылған Ұлттық қор қаражатын стратегиялық ма­ңызды мақсатқа сай жұм­сау, шамадан тыс көп ква­зи­ме­м­лекеттік сектор үле­сін азай­ту, азаматтардың кәсіп­кер­лік бастамаларын ынта­ландыру сайып келгенде елдің макроэкономикалық тұрақтылықты, саяси және сот реформаларының экономика мен азаматтардың көңіл күйі мен әл-ауқатына оң әсер етуін көздейді.

Қорыта айтқанда, Мем­ле­кет­ басшысының Қазақ­стан халқына Жолдауы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыра оты­рып, орта мерзімдегі ел даму­ының стратегиялық басым­дық­тарын белгілеп берді.

Айбол АРҒЫНҒАЗИНОВ,«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры