• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қыркүйек, 2019

Онкологиядағы әлемдік медицина майталмандары Қазақстанға келеді

256 рет
көрсетілді

Алдағы 15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Онкологиялық  Бүкіләлемдік көшбасшылар Саммиті (World Cancer Leaders' Summit 2019) өтеді. Аса ауқымды шара «Hilton Expo Hotel» және «Expo Астана» Конгресс орталығында өткізіледі деп ұйғарылған.

Саммитті ұйымдастыруға Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан бастап (ДДҰ), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭжХА) сондай-ақ, Обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігімен (ОЗжХА) бірге Обырды бақылау жөніндегі халықаралық одағы (UICC) ұйытқы болмақ. Саммитті Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты қабылдайды.  

Онкологиядағы Бүкіләлемдік Көшбасшылар Саммиті қатерлі ісікке қарсы күресте жаһандық шешімдер қабылдауға айрықша ықпал ететін, жыл сайын өтетін аса маңызды саяси кеңес болып табылады. Саммит жұмысына обырға қарсы күрестің 350-ден астам негізгі көшбасшылары қатысады. Бұлар – жоғары лауазымды танымал тұлғалар, мемлекет басшылары, денсаулық сақтау министрлері, бірінші ханымдар мен корольдік отбасылардың мүшелері, қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдарының, дүниежүзілік ұйымдардың басшылары: ДДСҰ-ның Бас директоры, UICC Президенті Оның корольдік Жоғары Мәртебелісі, Ханшайым Дина Майред, АЭжХА Бас директоры, обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің (ОЗжХА) бас директоры д-р Элизабет Вайдерпасс, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Биылғы Саммиттің тақырыбы – «Обыр және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту» мәселесін қамтиды.