• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қыркүйек, 2019

Цифрлық даму министрлігіне қарасты мекемелер экочэлленджді жалғастырды

174 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, республикамыздың әр аймағында тазалық шараларын өткізді. Республикалық чэлленджге министрлікке қарасты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Зерде» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар акцияға министр Асқар Жұмағалиевте қатысты.

Жалпы республикалық деңгейде өтіп жатқан акция қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Алматы қалалық филиал директоры Данияр Қырықбаевтың айтуынша, маңызды экологиялық шараны мемлекеттік корпорацияның барлық аймақтағы филиалдары мен ҚР ЦДИАӨ министрлігіне қарасты мекемелер қолдады. «Бүгін біз әріптестерімізбен Абылай хан Құрманғазы көшелеріндегі аллеядағы 5 гектар аумақты тазарттық. Қызметкерлеріміз туған жерді көркейтуге өзіндік үлес қосып отыр. Ғасырлар бойы ыдырамайтын пластик сияқты қоқысты жинау – өте маңызды. Өңір тұрғындарын осындай тазалық акциясын қолдауға ғана емес, айналаны таза ұстап қалдықтарды тастамауға шақырамын», – дейді директор.

Айта кетейік, Абылай хан мен Құрманғазы көшелеріндегі аллеяны жинауға 840 қызметкер жұмылдырылды. Олар бірлесіп, 5 гектар жерді тазартып, артынан арнайы мерекелік шараға қатысты. Мерекелік шарада Қамысбеков Мұхаммет Махмұтұлы, Біржан Назаров, сонымен қатар Бақай тобы өз ән шашуларын жолдаса, Күлзайда Сарсембекова, Азамат Шынаров пен Сырым Шонбаев домбыра күйімен өнер көрсетті.

 

 

АЛМАТЫ